252
бөлікшелері аралықтарындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай
борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды.
Желін сыртынан терімен, оның астындағы екі қабат: беткей жəне терең
шандырлармен қапталған. Жоғарыда баяндалғандай, жануарлар түрлеріне
байланысты желін бөлімдерінің саны əр түрлі болады. Əр бір желін бөлімін
сыртынан май ұлпасымен аралас дəнекер ұлпалы қапшық қаптап жатады.
Осы қапшықтан сүт безі бөлімінің ішіне тарала енетін дəнекер ұлпалық
перделіктер (трабекулалар) без паренхимасын көптеген бөліктерге бөледі.
Сүт безі бөліктері өз кезегінде, жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы тым
майда, тек микроскоппен ғана көрінетін без бөлікшелеріне бөлінеді. Желін
емшектері сыртынан терімен қапталған. Емшек терісінде тері түктері, май
жəне тер бездері болмайды. Ол жүйке ұштарына өте бай. Сүттің бөліну
мөлшері мен кұрамы жануарлардың түріне, тұқымына, азықтандыру
сапасына тікелей байланысты. Сүт безінен 1 литр сүт бөліну үшін, кем
дегенде желін арқылы 500 литр қан ағып өтуі керек. Құрсақтың төменгі
бетіндегі ақ сызықтың (үйектің) бойында желінді ұстап тұратын екі қабат
терең шандырдың жалғасын
желіннің көтергіш байламы — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: