Сірлі қабық (tunica serosa) дене куыстарында жатқан мүшелерді
сыртынан қаптайды. Ол екі қабаттан: ішкі борпылдақ дəнекер ұлпалық
негізден (tela subserosa) жəне сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий
кабатынан немесе мезотелийден (mesotelium) тұрады. Дене куыстарынан
тыс жатқан мүшелер (өңештің, кеңірдектің мойын бөліктері, көмекей,
жұтқыншақ, тік ішек, кынап т.б.) сыртынан адвентиция қабығымен (tunica
adventitia) қапталады. Ол борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады.
Қомақты паренхималы мүшелер ішкі мүшелер жүйелері құрамына
жеке
мүшелер
ретінде
кіреді
немесе
олар
түтікше
мүшелердің
қабырғаларында орналасады. Олар негізінен ішкі мүшелер жүйелеріндегі
бездер.
Без (glandula) өзінен арнайы сөл бөлетін құрылысы қомақты
паренхималы мүше. Бездерге сілекей, өңеш, қарын, ішекбездерін, бауырды,
ұйқы безін, жыныс бездерін, бүйректі, ішкі секреция (эндокринді) бездерін
т.б. жатқызуға болады. Шығару өзегі арқылы сыртқы ортаға шығарылатын
без сөлі секрет, ал организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа
сұйығына) бөлінетін бөліндіні инкрет — деп атайды. Жануарлар денесінен
сыртқы ортаға шығарылатын ыдырау өнімдері мен ұлы заттарға бай,
организмге керексіз бөліндіні экскрет (зəр, тер т.б.) — дейді.
258
Без құрылысы жағынан паренхималы мүше. Ол бір-бірімен тығыз
байланыста қызмет атқаратын паренхимадан жəне стромадан тұрады.
Паренхима (parenchyma) бездің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі.
Бездердің паренхимасын негізінен безді эпителий ұлпасы құрайды. Ал кейбір
эндокринді бездерде без паренхимасы жұйке ұлпасынан да тұрады. Строма
(stroma) без паренхимасы бөліктерін өзара байланыстырын, безді біртұтас
мүше ететін дəнекер ұлпалық аралық. Строма арқылы безді қоректік
заттармен қамтамасыз ететін қан мен лимфа тамырлары жəне без жұмысын
реттейтін жүйкелер өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |