260
қабаттарының арасында өңеш, кеңірдек, қолқа, жүйкелер, жүрек жəне
жүрекқап орналасады. Орталық перде плеврасының (pleura mediastinal)
жұрекқапты (перикард) қаптаған бөлігін
перикардиальды плевра (pleura
pericardiaca) — деп атайды. Орталық перде плеврасы кеңірдек, бронхтарды
сыртынан қаптап, оң жəне сол өкпеге өтіп,
өкпелік плевраны (pleura
pulmonalis) түзеді. Орталық перде, перикардиальды жəне өкпелік плевралар
висцеральды плевраны құрайды.
131 - сурет. Сиыр денесіндегі ішкі мүшелердің орналасу орыңдары
(топографиясы)
1 — тік ішек, 2 — құрсақ қолқасы, 3 — сол бүйрек, 4 — оң бүйрек, 5 —бауыр, 6 —
өт қабы, 7 — көкет (диафрагма) күмбезінің нобайы, 8 — оң өкпе, 9 — өңеш,
10 — кеңірдек, 11 — жүрек, 12 — көкеттің қабырғалық бөлігі, 13 — ұлтабар, ]4 —
он екі елі ішек (ұлтабар ұшы), 15 — ұйқы безі, 16 — аш ішек, 17 — тоқ ішек, 18 — мықын
ішек, 19 — бүйен, 20 — куық, 21 — қынап.
Париетальды жəне висцеральды плевралар аралығындағы саңылау
тəрізді сірлі қуысты плевральды қуыс (cavum pleurae) — дейді. Оң жəне сол
плевральды сірлі куыстарда оң жəне сол өкпе орналасады. Бұл қуыстар бір-
бірімен қатыспайды. Плевральды қуыстарда тыныс алуға жəне жүректің
жиырылуына байланысты қозғалыс кезінде сірлі қабықтардың өзара
үйкелісін болдыртпайтын, олардың беттерін майлап сылап тұратын
сірлі
Достарыңызбен бөлісу: