К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет304/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Тілдің дамуы. Тіл эмбриондық кезеңде екі түрлі бастамадан дамып
жетіледі. Тілдің ұшы мен денесі ауыз куысы түбінің эктодерма 
бастамасынан, ал оның түбірі II жəне III желбезек доғаларының вентральды
ұштары аралығындағы энтодерма эпителийімен қапталған мезенхимадан 
дамиды.

Өңеш пен қарынның дамуы. Онтогенездің бастапқы кезіңде өңеш пен
қарын ішек түтігінің ауыз-жұтқыншақтан кейін орналасқан біртұтас бөлігі — 
алдыңғы ішектен дамиды. Өңештің дəнекер ұлпасы мен бұлшық ет негіздері
мезенхиманың туындысы болып табылады. Дамудың 6 -ншы аптасында 
алдыңғы ішек ұзарып, қабырғасында екі қабат бұлшық ет қабығы пайда
болады. Алғашқы кезде өңештің кілегейлі қабығы көпқабатты кірпікшелі 

266
эпителиймен астарланып, кейіннен копқабатты жалпақ эпителийге ауысады. 


Эмбриондық дамудың 4 -інші аптасында ішек түтігінің өңештен кейін


орналасқан болігі, ұзын бойымен бойлай ұршық тəрізді кеңейіп, болашақ 
қарынға айнала бастайды. Алғашқыда, кеңейген ішек түтігінің дорсальды
қабырғасының томпайып кеңеюі нəтижесінде қарынның жоғары қарай 
бағытталған үлкен иіні, ал оның вентральды қабырғасынан кіші иін пайда
болады. Қарынды құрсақ қуысы қабырғасына дорсальды жəне вентральды 
шажырқайлар бекітіп тұрады. Дорсальды шажырқай жапырақшалары
аралығында энтодерма мен мезенхимадан қалыптасқан көкбауыр мен тақ 
дорсальды үйқы безінің, ал вентральды шажырқайда бауыр мен жұп
вентральды ұйқы бездерінің бастама құрылымдары орналасады. 
Эмбриогенез
барысында 
қарынның
ересек

жануарлардағыдай


орналасуы, оның сол кезеңдегі екі бұрылыс жасауы арқылы жүзеге асады. 
Қарынның бірінші бұрылысы мүшенің ұзын білігі бойымен оңнан солга
айналуы арқылы жүреді. Нəтижесінде қарынның дорсальды жағындағы 
үлкен иіні вентральды жаққа, ал вентральды жағындағы кіші иіні дорсальды
жакқа ауысады. Қарынның екінші бұрылысы колденең біліктің бойымен 
жүреді. Нəтижесінде ұзынынан жатқан қарын колденең орналасуға мəжбұр
болады. Сөйтіп, оның артқы ұшы оң, ал алдыңғы ұшы сол жаққа қарай 
ауысады. Осы аталған екі бұрылыстардың нəтижесінде дорсальды шажырқай
үлкен шарбыны, ал вентральды шажырқай кіші шарбыны түзеді.
Күйіс қайтаратын жануарлардың коп болімді қарны өңеш типтес бір
бөлімді қарыннан құрделеніп жетіледі. Онтогенездің алғашқы кезеңіңде 
бұлардың қарны негізінен екі бөлімді болып қалыптасады. Кейіннен, оның
алдыңғы болімінен мес қарын мен жұмыршақ, ал артқы болімінен қатпаршақ 
пен ұлтабар түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет