267
құрсақ қабырғасын жағалай ұзарып өсіп, алға қарай краниальды шажырқай
артериясын айналып, оң жаққа отеді. Бұдан соң, ол қайтадан бүйенмен бірге
кері каудальды жаққа бағытталады. Осындай ауысулардың нəтижесінде тоқ
ішек шеңбер тəрізді жиектеле орналасады. Оның оң бөлігі жуан ішектің
басталар жері бүйеннен краниальды бағытта орналасады. Тоқ ішектің
краниальды шажырқай артериясының алдында
жатқан тұсын көлденең тоқ
ішек, ал каудальды бағыттағы сол бөлігін — сол тоқ ішек — деп атайды.
Жамбас қуысында сол тоқ ішек тік ішекке ауысады. Жоғарыда
баяндалған ішектердің онтогенездегі дамуы негізінен етқоректі жануарларға
тəн. Ал басқа шөпқоректі жануарларда тоқ ішек дөңгелек (дискі)
немесе
дискоконус, талғаусыздарда конус түрінде дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: