Тістің дамуы. Төменгі сатыдағы жануарларда тіс, тері мен ауыз қуысы
кілегейлі қабығы бүртіктерінің сүйектенуі нəтижесінде дамиды. Демек, ол
тері туындыларына жатады. Іштөлі сүт тістерінің дамуы ауыз куысындағы
қызыл иек эпителий қабатының қалыңдап, астындағы ұрыктық дəнекер
ұлпасы мезенхимаға үңгілене енуінен басталады. Бұл қалың эпителий
тақташасы тіс тақташасы — деп аталады. Оның пішіні қызыл иектің пішінін
қайталайды, яғни таға төріздес болып келеді. Tic тақташасының сыртқы ерін-
ұрт бетінде, болашақ тістердің орындарында пішіні қалпаққа ұқсас кіреуке
(эмаль) мүшелер жетіліп, дами бастайды. Кіреуке мүшелер астындағы
мезенхима тығыздалып, тіс емізікшесін түзеді. Өз кезегінде кіреуке мүшесі
үш қабат болып қалыптасады. Олар: сыртқы кіреуке жасушалары, кіреуке
мүшесінің жұмсағы (пульпасы) жəне ішкі кіреуке жасушаларының
қабаттары. Кіреуке мүшесі сыртқы кіреуке жасушалары қабатының мойны
арқылы тіс тақташасымен жалғасып жатады. Ал кіреуке мүшесінің жұмсағы
жұлдыз тəрізді тармақты жасушалардан түзілген. Ол сыртқы кіреуке
жасушалары қабатын ішкі кіреуке жасушалары қабатымен байланыстырып
тұрады. Ішкі кіреуке жасушаларының қабаты пішіні призма тəрізді бір
қабатта орналасқан кіреуке жасушалардан тұрады. Бұлар тіс кіреукесін
(эмалін) түзетін жасушалар. Оларды адамантобласттар — деп атайды.
Сонымен, тіс кіреукесі эпителий ұлпасының туындысы. Адамантобласттарға
жанаса тығыз орналасқан тіс емізікшесіндегі мезенхима жасушалары дентин
жасаушы жасушалар немесе одонтобласттар — деп аталады. Олар кіреуке
астындағы тістің сүйек ұлпасы дентинді түзеді. Тістің кіреуке қабаты
қалыптасқан сайын, адамантобласттар жоғары қарай көтеріледі. Ал тістің
дентин қабаты қалыңдап жетілген сайын, одонтобласттар томен қарай ығыса
береді. Сөйтіп, бастапқы кезде жанаса орналасқан адамантобласттар мен
одонтобласттар бір-бірінен ажырап, олардың аралғында болашақ тістердің
кіреуке жəне дентин қабаттары қалыптасады. Мезенхиманың қалған
бөлігінен тістің цемент қабаты мен пульпасы дамиды