К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет311/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Биеде сойдак тicтep болмайды немесе олар нашар
жетілген. Жылқының тұрақты тicтepi ұзын сауытты, катпарлы тістерге 
жатады. Тұрақгы күрек тістердің пішіні иілген сына тəрізді болып келеді.
Жас төлдер тістердің жанасу беттері көлденең орналасқан сопақ пішінді 
болады. Мал жасына байланысты тістің қажалуы, оның пішінінің
дөңгеленуіне, одан соң үшбұрыштанып өзгеруіне əкеліп соғады. Ал жанасу 
беттерінің желініп, тістердің ауыз куысына қарай өсуі нəтижесінде,
қартайған жануарларда, олардың пішіні кері бағытта орналасқан сопақша 
түрге ауысады. Tic пішіндерінің осылай кезегімен өзгеріп отыруы алты
жылдың ішінде толығымен жүзеге асады. Күрек тістің қажалу пішініне 
қарап,
жылқының 
жасын
анықтауға 

болады.
Күйіс қайтаратын 



жануарларда күрек тістер тек төменгі жақтың əр жарты бөлігінде төрт-
төрттен орналасады. Құрылысы жағынан олар қысқа сауытты тістерге 
жатады. Тістердің пішіні күрекке ұқсас. Азу тістері ұзын сауытты айшықты
тістерге жатады. Бірінші премолярдан молярларға қарай тістер көлемі үлкейе 
береді. Жоғарғы азу тістер төменгі тістерге қарағанда екі еседей жалпақ та
жуан келеді. Жоғарғы премолярларда айшықты бір тіс мөрі, ал молярларда 
екі тіс мөрі болады. Шошқаның барлық тұрақты тістері қысқа сауытты
тістерге жатады. Күрек тістерінің пішіні конус тəрізді. Жоғарғы жақта күрек 
тістер аралығында тіссіз жиектер болады. Ұрғашы шошқаның сойдақтістері
онша жетілмеген, ал қабандардың тістері тым жақсы жетілген, олар өте өткір, 
үшбұрышты болып келеді. Азу тістері жанасу беттерінің пішініне қарай
бұдырлы тістерге жатады. Иттің тұрақты тістерінің жанасу беттерінде үш-
үштен өткір тісшелер болады. Олардың ортаңғысы биіктеу келеді. Сойдақ
тістері конус тəрізді, төменгі бірінші премолярдың бір ғана тісшесі болады. 
Ол кішілеу келеді. Оны "қасқыр тіс" — деп атайды. Азу тістерінің мөлшері
артқа қарай үлкейеді. Жоғарғы жəне төменгі тіс аркадаларындағы қарама-
қарсы орналасқан ең биік тістері "кескіш тістер" — деп аталады. Иттің
барлық тұрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады. 

272



Қатты тандай (твердое небо) — palatum durum сүйек тандаймен 
жанасып, ауыз қуысының төбесін құрайтын кілегейлі қабық қатпары. Қатты
тандайдың ортасында ұзынынан таңдай жігі (raphe palatini) өтеді. Тандай 
жігінен оңға жəне солға тандай білеуліктері (rugae palatini) орналасады.
Күрек тістің артқы жағында таңдай жігінің бойында күректіс бүртігі (papilla 
incisiva) байқалады. Оның екі жақ бүйіріне ауыз жəне мұрын қуыстарын
өзара жалғастырып тұратын жұп күректіс өзегі (ductus incisivus) ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет