К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет309/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қыскасауытты тістер (brachiodontes) бip-бipiнeн анық ажырайтын үш
бөліктен: Tic сауытынан (тістің ауыз куысындағы бөлігі) — corona dentis, 


Tic түбірінен (тістің жак жəне тұмсык, суйектер ұяларындағы бөлігі) — radix
dentis жəне тіс
мойнынан (тic сауыты мен тic түбipi шекарасындағы қызыл
иек қаптап тұрған жіңішкелеу бөдігі) collum dentis — тұрады. Tic сауыты 
уш қабаттан құралған. Оның сырткы қабаты ак түсті тic кipeyкeci (эмаль)
ауыз куысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, ягни ол даму 
барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізің
құрайтын құрылысы ерекше суйек ұлпасынан тұрады. Дентиннің ішкі 
жағында қан, лимфа тамырлары мен жуйкелерге бай жұмсак дəнекер ұлпасы
пульпаға толған Tic куысы болады. Tic түбipi де үш қабаттан құралған. Ол 
сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тic


270
сауытына ұқсас, ягни дентиннен жəне тic куысындағы пульпадан тұрады. 


Қыска сауытты тістің тic сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып,


картайған жануарларда толығымен жeлiнiп көрінбей кетеді. Қажалған тic тіс
түбipi жағынан өсіп шықпайды. 

Ұзынсауытты тіс (hypselodontes) тек тic сауытынан тұрады. Оның
мойны мен түбipi болмайды. Бipaқ, тic сауытының кішкене белт ғана ауыз 
қуысында көрініп тұрады. Ал калған бөлігі тіс
ұясында орналасып, тіс

түбірінің қызметін атқарады. Tic үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс


ұясынан

ауыз куысына қарай өсіп шыға береді. Жасы ұлғайып сақайып қартайған


жануарлардың тic сауыты қысқа болып, аздап тic түбірі пайда бола бастайды. 
Ұзын сауытты тic сыртынан ішіне қарай төрт қабаттан: цементтен,
кіреукеден, дентиннен жəне пульпаға толған тіс
куысынан тұрады. Даму 

барысында цемент, дентин жəне пульпа мезенхимадан жетіледі, яғни олар


кілегейл қабыктың өзіндік такташасынын туындылары болып саналады.


Tic кіреукесі бip катарда орналасқан ұсак, алты кырлы тым қатты эмаль
призмаларынан түзілген. Tic кіреукесі құрамының 98% минеральды тұздар 
құрайды. Сондыктан, кіреуке жануалар организміндегі ең, берік зат. Оның
тығыздытын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет