К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Тілдің бұлшық еттері. І.Тілдің негізгі бұлшық еті



бет315/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Тілдің бұлшық еттері. І.Тілдің негізгі бұлшық еті (m. lingualis
proprius) ұзынынан, көлденеңінен, тігінен орналасқан бұлшық ет талшықтары 
шоғырларынан түзілген. Тілдің еттік негізін құрайды.

2. Біз-тіл (бүйірлік) бұлшық еті (m. stiloglossus) тіласты сүйегі үлкен
бұтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның ұшына 
дейін жетеді. Бұлшық еттің оң жəне сол жағы бірдей жиырылғанда, тілді
артқа тартып қысқартады. Ал олардың əрқайсысы жеке жиырылғанда, тілді 
өз жағына қарай бұрады.
З.Тіласты-тіл бұлшық еті (m. hyoglossus) тіласты сүйектің денесі мен
көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшық етінде аяқталады. Бұлшық ет 
тілді артқа тартып қысқартады жəне оған жалпақ пішін береді.

4. Иек-тіл бұлшық еті (m. genioglossus) төменгі жақ сүйектің иек
бұрышынан басталады да, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Аталған 
бұлшық ет тілді алға тартып, оған жалпақ пішін береді жəне оны қатты
тандайдан ажыратады. 


5. Иек-тіласты бұлшық ет (m. geniohyoideus) пішіні ұршық тəрізді ет.
Ол төменгі жақ сүйектің иек бұрышынан басталып, иекіл бұлшық етінің 
төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе
оның тіл өсіндісінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей
бөледі. Тілде бір жұп қорғанша емізікше, кейде үшінші тақ емізікше де 
кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс қайтаратын жануарлар
тілінің жоғарғы арқа бетінде тіл жастығы (torus linguae) болады. Олардың 
тілдерінің ұштары үшкірлеу болып келеді. Тілдің кілегейлі қабығында
пигментті аймақтар көрінеді. Бұларда конусша емізікшелер жақсы жетілген, 
қорғанша емізікшелердің саны тілдің бір жақ жартысында: сиырда — 8-7
(21), қойда — 18-28, ешкіде -11-18 -ден болады. Жапырақша емізікшелер 
болмайды. Шошқаның тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның
дорсальды бетінде бір жұп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің 

275
вентральды бетіндегі кілегейлі қабықастында тіл шеміршегі болады. Ит 


тілінің пішіні жалпақ, жіңішке жəне ұзын болып келеді. Оның дорсальды


бетімен тілдің орталық сайы (sulcus medianus linguae) өтеді. Қорғанша 
емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі бетіндегі кілегейлі қабық
астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан 
салаңдаған тілді ұстап тұрады. Тілдің сілекей безі кілегейлі сөл бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет