276
Ауыздың бездері (glandulae oris) ауыздағы азықтың өнделуі мен
қорытыла бастауы үшін маңызды роль атқарады. Шайналып ұсақтал ған
азықауыз қуысының сілекей бездері бөлетін сілекеймен араласып, шыланып,
шайналып ұсақталғаннан соң, жұтуға ыңгайлы жағдайға келеді. Сілекей
құрамындағы ферменттер əсерінен ас құрамындағы қоректік заттар (крахмал
т.б.) ауыз куысында қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында микробтарды
жоятын (лизоцим т.б.) жəне қарын бездерінің жұмысына ықпалын тигізетін
биологиялық белсенді заттар болады. Мөлшері мен орналасу орындарына
байланысты сілекей бездері: майда қабырғалық сілекей бездері жəне ірі
қабырғадан тыс жатқан сілекей бездері болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: