К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Жұтқыншақтың тарылтқыш бұлшық еттері



бет324/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жұтқыншақтың тарылтқыш бұлшық еттері 

1. Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшық еттері өз кезегінде екі
жұп бұлшық еттен тұрады. Олар: 1) таңдай-жұткыншақ бұлшық еті (m. 
palatopharyngeus)
жəне

2



қанат-жұтқыншақ 

бұлшық 

еті
(т.

pterygopharyngeus). Таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті бастың тандай, қанатша


сүйектерінен жəне тандай бұлшық етінен басталады. Бұлшық ет таңдай-


жұтқыншақ жігінің (raphe pharyngis) каудальды бөлігінде аяқталады.
Бұлшық еттің вентральды жағы тандай жұтқыншақ доғасының негізін құрап, 
жиырылу кезінде тіл түбірін өңешке жақындатады. Қанат-жұтқыншақ
бұлшық еті қанатша сүйектен басталып, жұтқыкшақ жіпне келіп аяқталады 
да, жұтқыншақтың артқы қабырғасын алға тартады. Жалпы алғанда
жұтқыншактың ростральды бұлшық еттері аңқаны тарылтып, өңешті 
кеңейтеді.
2. Ортаңғы тарылтқыш бұлшық ет немесе тіласты-жұтқыншақ 

бұлшық еті (m. constrictor pharyngis medius s. т. hyopharyngeus) жұп бұлшық
ет. Бұлшық ет тіласты сүйектің ортаңғы бунағынан (стилогаоидтан) жəне осы 
сүйектің үлкен мүйіздігіннен (тиреогиоидтан) басталып, жұтқыншақ жігіне
келіп аяқталады. 


3. Каудальды тарылтқыш бұлшық еттер (m.m. constrictores pharyngis
caudales) екі жұп бұлшық еттен құралады. Олар да жұтқыншақ жігінде 
аяқталады. Бұл еттердің бірінші жұбына көмекейдің қалқанша шеміршегінен
басталатын қалқанша жұтқыншақ бұлшық еті (m.thyreopharyngeus), ал 
екінші жұбына көмекейдің сақинаша шеміршегінен басталатын сақинаша-
жұтқыншақ бұлшық еті (ш. cricopharyngeus) жатады. Жұтқыншақтың
ортаңғы жəне каудальды тарылтқыш қысқыш бұлшық еттері өнделіп 
жұтылуға арналған азықты өңешке қарай жылжытуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет