283
түрліше дəрежеде жетілген кілегей бөлетін өңеш бездері (gl. oesophageae)
орналасады.
Өңештің етті қабығы жұтқыншақтан басталған бойда көлденең
жолақты ет ұлпасынан тұрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын,
біртіндеп бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабықтың қабаттары
жұтқыншақтан қарынға дейінгі өңештің ұзын бойында əр түрлі бағытта
орналасады. Етті қабықтың қабаттары өңеш жұтқыншақтан басталған бойда
өңеш қабырғасында сақина тəрізді, одан соң, қиғаш орналасады. Қарынға
жақындаған сайын етті қабық сыртқы ұзынша жəне ішкі көлденең сақинаша
қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтың жігінен жəне
көмекейдің ожауша жəне сақинаша шеміршектерінен басталады.
Өңештің сыртқы қабығы, оның мойын бөлігінде адвентиция
қабығынан
(борпылдақ
дəнекер ұлпасы),
ал
көкірек
пен
құрсақ
куыстарындағы бөліктерінде сірлі қабықтан тұрады. Адвентицияны
борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Ал сірлі қабық екі қабаттан: ішкі жұқа
дəнекер ұлпалық қабаттан жəне сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий
ұлпасынан (мезотелийден) тұрады.
Ерекшеліктері. Жылқының өңешінде кілегей бөлетін бездер, оның тек
жұтқыншақпен шекаралас алдыңғы бөлігінде ғана болады. Етті қабығында
көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының бірыңғай салалы ет ұлпасына
ауысуы өңештің жүректен кейінгі бөлігінде ғана байқалады. Диафрагманың
өңеш тесігі 12 - қабырға тұсында орналасады. Күйіс қайтаратын
Достарыңызбен бөлісу: