К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет332/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   607
Ерекшеліктері. Жылқы қарны бір бөлімді оңеш-ішек типтес немесе
аралас қарын түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен 15 литр. 
Қарынның сол жақ ұшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта котеріліп
шығып тұратын тұйық қапшығы (saccus cecus) болады. Бұл қапшықтың 
қарыңдағы осындай орналасуы өңештің қарынға бұрыш жасай қигаштанып
енуіне əсерін тигізеді. Нəтижесіңде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп
терең үңгіленіп, бұрыштық ойық (incisura angularis) жасайды. Қарын
қақпақшасының қысқыш етті аумағындағы қақпақша сайдың (sulcus 
pyloricus) алдында, негізі етті сақинадан түзілген, қақпақшаалдылық сай
(sulcus praepyloricus) болады. Бұл сайлар аралығында қақпақша кіреберісі 
(antrum pyloricum) орналасады. Қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетін

қатпарлы жиек (margo plicatus) екіге бөледі. Тұйық қапшық жағындағы
кілегейлі қабықтың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. 
Кілегейлі қабықтың бұл аумағында без болмайды. Ал оның қалған бөлігін
жалаң қабат призма тəрізді эпителий қаптап жатады. Бұл безді аймақтың 
кілегейлі қабығында кардиальды, фундальды, пилорикалық бездер болады.
Өңештің қарынға бұрыш жасап енуі жəне қарынның сол жақ ұшындағы 
тұйық қапшықтың дорсальды бағытта шығып тұруы етті қабықтан қарынның
кардиальды қысқыш етінің (m. sphincter cardiae) түзілуіне əсерін тигізеді.
Аталған қысқыш ет екі ілмектен тұрады. Оның бірінші ілмегі ішкі сақинаша 
қабаттан түзілген. Ол тұйық қапшықтың төбесінен басталып, қарын
кіреберісін кіші иін жағынан айналып қысып тұрады. Ал қысқыш еттің 

288
екінші ілмегі ішкі қиғаш қабаттан түзіліп, кіреберісті қарынның үлкен иін 


жағынан айналып өтіп қысып тұрады. Осы екі етілмектері қарын қуысы


азыққа толған сайын, өңештің кардиальды тесігін қатты қысып, азықтың 
қарыннан өңешке кері өтуіне жол бермейді. Соңдықтан, жылқы малы құса
алмайды. Шарбы қапшығы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын 
толығымен құрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет