К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет328/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   607
БІР БӨЛІМДІ ҚАРЫН 

Бір бөлімді қарын құрсақ куысыңда, көкеттен кейін көлденеңінен 


орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке
(kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік 
— деп атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада,
қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) 
болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпакщалық (пилорустык)

бөлік дейді. Қарынның кардиальды жəне пилорикалық бөліктері
аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның 


фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның алдыңғы қабырғалық беті
(facies parietalis) бауыр жəне көкетпен, артқы висцеральды беті (facies 
visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында
қарынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағында

қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Осы аталған
иіндерден кіші жəне үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі 
қабықтан құралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дəнекер
ұлпасымен қоректендіруші қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. 
Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыр жəне
ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: 
ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы сірлі қабықтардан тұрады. Бір
бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тəрізді 
эпителиймен астарланған. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын сөлін
болетін кардиальды безді аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. 
fundalis) жəне пилорустық безді аймақ (gl. pylorica) болады. Бір бөлімді
аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпқабатты жалпақ 
эпителий, ал безді аймағын бірқабатты призма тəрізді эпителий астарлайды.
Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сəйкес кардиальды, 
фундальды жəне пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итте бір бөлімді безді
қарын, жылқы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын. 

285



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет