291
Ұлтабар (сычуг) — abomasum — құрсақ куысының оң қабырғаасты
аумағында орналасады. Оның пішіні мен құрылысы бір бөлімді безді қарынға
ұқсас. Ұлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен азықты қорыту
процесі басталатын бөлімі. Сондықтан, оны
нағыз қарын — деп те атайды.
Ұлтабардың пішіні алмұрт тəріздес болып келеді. Көлемі жағынан ол сақа
жануарларда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында. Ұлтабардың
париетальды жəне висцеральды беттері, үлкен жəне кіші иіні, денесі жəне
түбі болады. Ол қатпаршақтан кең қуысты болып басталып, ұлтабардың
пилорустық бөлігіне дейін жіңішкеріп келеді де, дорсальды бағытта сəл
иіліп,
ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) ауысады.
Ұлтабар қабырғасының гистологиялық құрылысы бір бөлімді безді
қарын қабырғасының құрылысына ұқсас. Оның қабырғасын кілегейлі, етті
жəне сірлі қабықтар құрайды. Ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты
призма тəрізді эпителий ұлпасымен астарланған. Кілегейлі қабығындағы
кардиальды, фундальды жəне пилорустық бездер қарын сөлін бөледі. Бұлар
орналасқан аймақтар ішіндегі ең көлемдісі
фундальды бездер аймағы.
Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде ұзынынан орналасқан иірімді қатпарлар
болады. Бұл қатпарлар
қатпаршақ-ұлтабар тесігі маңында.бір-бірімен
бірігіп, тесік ішінде екі үлкен қатпар түзеді. Аталған қатпарлар
ұлтабар
желкені — деп аталады. Ұлтабар желкені ұлтабар куысында қорытылып
жатқан азықтың кері қатпаршаққа өтуіне жол бермейді.
Иірімді қатпарлардың саны
сиыр ұлтабарында — 12-16, қойда — 13-
15, ешкіде — 16-17 болады.
Ұлтабардың етті қабығы сыртқы ұзынша жəне ішкі сақинаша бірыңғай
салалы ет ұлпасы қабаттарынан түзілген. Ұлтабардың пилорустық бөлігіне
жақындаған сайын, етті қабықтың сақинаша қабаты қалындап,
қақпақша
(пилорус)
қысқыш етін жасайды.
Ұлтабарды сыртынан сірлі қабық қаптап, оның үлкен жəне кіші
иіндерінде тоғысып, аттас шарбыларға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: