Шошқаның қарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады.
Кіреберіс маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы
(дивертикул) — diverticulum ventriculi — болады. Кілегейлі қабығының безсіз
бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана
аралықта жатады. Кілегейлі қабықтың қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды,
фундальды жəне пилорикалық аймақтарға бөлінеді. Бұлардың ішінде
көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын қақпашасын (пилорусты) үлкен иін
жағынан жарты ай тəрізді қорғанша жастық, кіші иін жағынан түймеше
жастық түзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын
құрсақ куысының сол жақ қабырғаастылық жəне семсерше аумақтарында,
11-12 қабырға тұсында орналасады. Кейде қарын азыққа толған кезде, ол оң
қабырғаастылық аумаққа сəл ғана ығысуы мүмкін.
Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен шарбы
құрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен
бөліп тұрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық
тиюден сақтайды. Иттер сызды суық жерлерге бауырын төсеп жата береді.
Қарын құрсақ қуысының сол қабырғаастылық жəне семсерше өсінді
аумақтарында,
9-12-інші
қабырғааралық
тұстарда
орналасады.
Оң
қабырғаастылық аумақта қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы
мүмкін.
КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Көпбөлімді қарын күйіс қайтаратын жануарларга тəн. Қарында
негізінен төрт бөлім болады. Олар: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ,
ұлтабар. Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабықтарында без болмайды.
Оларды біріктіріп, алдыңғы қарыңдар — деп атайды. Бұл бөлімдерде азық
механикалық жəне биологиялық өңдеулерден өтеді. Ферменттердің
қатысуымен азықты химиялық қорыту ұлтабарда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |