Ұсақ малдарда кеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны — 45-56.
Бұларда да кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігіне
кеңірдектік бронх ажырайды.
Шошқа кеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны — 31-36. Олардың
пішіні цилиндр тəрізді болып келеді. Сақиналардың бос ұштары ұзын болып
келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге
кеңірдек бифуркациясынан бұрын ажырайтын кенірдектік бронх болады.
Ит кеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады.
Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырып
тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады.
Кеңірдектің гистологиялық құрылысы. Кеңірдектің қабырғасын ішкі
кілегейлі, ортаңғы талшықты-шеміршекті жəне сыртқы адвентиция (сірлі
қабык) қабықтары құрайды. Кеңірдектің кілегейлі қабығында үш қабат
ажыратылады. Олар: эпителий, өзіндік тақташа жəне кілегейліасты негіз.
Кілгейлі қабығының ішкі бетін бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий
астарлайды. Эпителийді негіздік жарғақта орналасқан призма тəрізді
кірпікшелі, құтыша, эндокринді жəне базальды жасушалар құрайды. Призма
тəрізді эпителиоциттің апикальды ұшында 250 -ге дейін кірпікшелер болады.
Олар минутына 150- 250 рет жиырылып, құтыша жасушалар мен кілегейлі
қабық бездері бөлген кілегейді минутына 2-3 мм жылдамдықпен жылжытады
да, жабысқан шаң-тозаңмен бірге жинақтап, қақырық түзеді. Түшкіру арқылы
қақырық сыртқа шығарылады. Пішіні пирамида тəрізді эндокринді
жасушалар цитоплазмасында агранулалы эндоплазмалық тор жақсы
жетілген. Олардың дөңгелек келген ядролары негіздік жарғаққа жақын
жатады. Аталған жасушалардың цитоплазмасында тығыз өзекті дөншелер
көптеп кездеседі. Эндокринді жасушалар тыныс жолдарындағы бірыңғай
салалы ет ұлпасы миоциттерінің қызметіне ықпалын тигізетін пептидтік
гормондар мен биогенді аминдер (серотонин, норадреналин, дофамин) түзеді.
Аласа келген базальды жасушалар негіздік жарғаққа жақын, алдыңғы аталған
жасушалардың
аралықтарында
орналасады.
Базальды
жасушалар
камбиальды қызмет атқарады. Өзіндік тақташаны борпылдақ дəнекер ұлпасы
құрайды. Бұл қабаттағы кеңірдектің ұзын бойымен бойлай өтетін эластин
талшықтары кілегейлі қабықтағы көлденең қатпарлардың түзілуіне жол
бермейді. Борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұратын кілегейліасты негізде сірлі-
кілегейлі бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері орналасады. Олардың
шығару өзектері кеңірдектің ішкі бетіне ашылады. Аталған бездер
кеңірдектің төменгі жəне екі бүйірінде көптеу орналасады.