Көмекей қабырғасындағы бұлшық еттер үш топқа бөлінеді:
Көмекейдің кеңейткіш бұлшық еттері. 1. Дорсальды сақинаша-
жауша бұлшық ет (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек
тақташасының орталық қырынан басталып, ожауша шеміршектің ет
өсіндісінде аяқталатын жұп бұлшық ет. Ол ожауша шеміршекті көтеріп,
көмекейдің кіреберісін кеңейтеді жəне дыбыс қатарларын қатайтады.
154 - сурет. Сиыр көмекейінің қаңқасы
1 — бөбешік шеміршек, 2 — ожауша шеміршек, 3 — қалқанша шеміршек, 4 —
сақинаша шеміршек, 5 — кеңірдек сақинасы, 6 — тіласты сүйектің үлкен мүйіздігі, 7— 8
қалқанша шеміршек байламдары, 9—10 кеңірдек сақиналары, 11 — тіласты сүйектің кіші
мүйіздігі, 12 — тіласты сүйектің тіл өсіндісі.
2. Сақинаша-қалқанша бұлшық ет (m. cricothyreoideus) сақинаша
шеміршек доғасының сыртқы бетінен басталып, қалқанша шеміршек
тақташасының сыртқы бетіне бекитін жұп бұлшық ет. Бұл ет қалқанша
шеміршекті төмен түсіріп, көмекей қуысын кеңейтеді.
3. Тіласты-бөбешік бұлшық еті (m. hyoepiglotticus) тіласты сүйегі
денесінен басталып, бөбешікте аяқталады. Ол бөбешікті алға жылжытып,
көмекей кіреберісін кеңейтеді.
Көмекейдің
тарылтқыш
бұлшық
еттері.
1.
Латеральды
сақинашажауша бүлшық еті (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек
доғасының бүйір бетінен басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісіне
бекитін жұп бұлшық ет. Ол қалқанша шеміршек тақташасының медиальды
бетінде жатады. Жиырылған кезде ол ожауша шеміршекті төмен тартып,,
дыбыс қатпарларын босаңсытады.
2. Дыбыс бұлшық еті (m. vocalis) дыбыс қатпарының негізін құрайды.
Ол ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісінен басталып, қалқанша шеміршектің
тақташасында аяқталады. Дыбыс қатпарларын босаңсытады.
Достарыңызбен бөлісу: |