К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Жылқы көмекейінің байламдары мен бұлшық еттері А — сол



бет369/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

155 - сурет. Жылқы көмекейінің байламдары мен бұлшық еттері А — сол 

жағының ішкі беті, Б — сол жағының сыртқы беті 
1 — кеңірдектің бірінші сақинасы, 2 — сақинаша-кеңірдек байламы, 3 — сақинаша 
шеміршек, 4 — сақинаша- ожауша буынының қапшығы, 5 — ожауша шеміршек, 6 —
қарынша байламы, 7 — қалқанша шеміршек, 8 —қарынша бұлшық еті, 9 — бөбешік, 10 — 
дыбыс бұлшықеті, 11 - дыбыс байламы, 12 — 13 — көмекей бұлшық еттері, 14 —
сақинаша шеміршек, 15 — тіласты сүйектің кіші мүйіздігі, 16 — тіласты сүйектң үлкен 
мүйіздігі, 17 — бүйір көмекей қарыншасы.


КЕҢІРДЕК 
Кеңірдек (трахея) — trachea — көмекейді өкпе бронхтарымен
байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты 
екі бөлікке бөлінеді. Олар: мойын жəне көкірек бөліктері. Кеңірдектің
қабырғасы үш қабыктан: ішкі кілегейлі қабықтан, ортаңғы талшыкты-
шеміршекті қабықтан жəне сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал
көкірек куысында сірлі қабық — плеврадан тұрады. Ортаңғы қабығының 
негізін жоғарғы ұштары тұйықталмаған шеміршек сақиналары құрайды.
Кеңірдек сақиналарының жоғарғы бос ұштары бір-бірімен кеңірдек байламы 
мен кеңірдек бұлшық еті арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы
жағында, ауаны аттас өкпелерге жеткізетін сол жəне оң негізгі бронхтарға 
ажырайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек 

бифуркациясы (bifurcatio tracheae) — деп атайды.
Ерекшеліктері. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең
сопақша болып келеді, олардың саны — 48-60. Кеңірдек бифуркациясы 5-6 
қабырғалар тұсында орналасады.


317



Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос 
ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек сақиналарының саны — 46-
50. Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің алдыңғы бөлігіне қосымша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет