162- сурет. Бүйректің орналасу орны (топографиясы) А — шошқа, Б — сиыр, В
— жылқы
1—7 — бел омыртқалары, 12—18 — кабырғалар, а — сол бүйрек, б — он, бүйрек, в
— көкет аяқшасы.
163 - сурет. Бүйректің түрлері А — дельфиннің көптік бүйрегі, Б — оның ішкі
құрылысы, В — сиырдың тілімді көпемізікшелі бүйрегі, Г — оның ішкі қүрылысы,
Д ~ шошқаның тегіс көпемізікшелі бүйрегі, Е — оның ішкі құрылысы, 3 — тегіс
біремізікшелі бүйректің ішкі құрылысы
1— бүйрекшелер, 1
1
— бүйрек бөлігі, 2 — қыртысты аймақ, 3 — шекаралық аймақ,
4 — бозғылт аймақ, 5 — бүйрек емізікшелері, 6 — бүйрек тостағаншалары, 7 —
бүйрек сабақшалары, 8 — несепагар, 9 — бүйрек сайлары, 10 — несеп жолдары, 11 —
бүйрек түбегі, 12 —- буйрек бағаншалары, 15 — доғалық артериялар мен веналар, 16 —
бүйректің фиброзды қапшығы, 17 — бүйрек шұңқыры, 18 — бүйрек артериясы, 19 —
бүйрек венасы.
2. Тілімді көпемізікшелі бүйрек бүйректің сыртқы жағы бір-бірінен
тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақгары толық қосылып бірігіп
кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті
тілімделіп тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп
кеткен бұрынғы жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер
түтікшелері іші қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын
іші қуыс сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде
өзара қосылып, несепағарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады.
3. Тегіс көпемізікшелі бүйрек шошқада, маймылдарда жəне адамда
болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде
328
көптеген емізікшелерден тұрады. Бұларда да, емізікшелер түтіктері
тостағаншаларға ашылып, олардан шығатын қысқа сабақшалар бірігіп,
бүйрек қақпасы маңындағы қуыс мүше — бүйрек түбегіне ашылады. Бүйрек
түбегінен несепағар шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |