К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет399/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бұқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен қосымшасының
басы жалпақ, денесі жіңішке, құйрығы жуан болып, енмен тұтасып кетеді. Ен 
ортасы жақсы байқалады. Бұл жануарлар еннің басы дорсальды, ал ен
қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады. 


Қабанның ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасының басы
мен құйрығы еннің екі ұшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен 
перделіктер жақсы жетілген. Еннің басы кранио-вентральды, ал ен
қосымшалық жиегі дорсо-краниальды бағытта орналасып, денеге қиғаш 
жатады.

Төбеттің ені онша ірі емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен
қосымшасы жақсы жетілген. Бірақ, оның саңылауы айқын емес. Еннің 
денедегі орналасуы қабан енінің топографиясына ұқсас.
Еннің гистологиялық құрылысы. Ен сыртынан сірлі қабықпен
(өзіндік қынаптық қабык), оның астындағы тығыз дəнекер ұлпалық ақ 
қабықпен қапталған. Ақ қабық еннің артқы жағынан оның ортасына қарай
үңгілей еніп, ен ортасын құрайды. Ақ қабық пен ен ортасын жалғастыратын 
дəнекер ұлпалық перделіктер, ен паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Еннің
стромасын ақ қабық, ен ортасы жəне перделіктер, ал паренхимасын ен 
бөлікшелері құрайды. Əрбір ен бөлікшесі 2-4 ирек тұқымдық өзекшелерден
тұрады. Олардың орташа диаметрі 150-250 мкм, ұзындығы 30-70 см. Ендегі 
барлық ирек өзекшелердің жалпы ұзындығы 1-3 км болады. Ирек тұқымдық
өзекше сыртынан коллаген, эластин талшықтары мен фиброциттерден 
құралған
дəнекер

ұлпалық
қабықпен 


қапталған.
Ирек

тұқымдық


өзекшелердің қабырғасын құрылымдық негізде тығыз байланысқан 
эпителиоциттер
мен

сперматогенді


жасушалар 
қабаты
түзеді.

Эпителиоциттер (Сертоли жасушалары) негіздік жарғақта орналасқан пішіні


пирамида тəрізді тіректік жасушалар. Олардың сопақ кедген ядролары 
негіздік жарғакқа жақындау жатады. Цитоплазмасында барлық органеллалар
бар. Əсіресе, агранулалы эндоплазмалық тор мен Гольдж кешені жақсы 
жетілген.
Бұлармен 
қатар,
лизосомалар, 
микротүтікшелер
мен

микрофиламенттер, арнайы кристалды құрылымдар болады. Қосындылардан


липидтер, көмірсулар, липофусцин кездеседі. Тіректік жасушалардың 
(сустентоциттердің) екі бүйір қапталында даму сатысындағы сперматогенді
жасушалар орналасады. Сустентоциттер даму сатысындағы жыныс 
жасушаларының толық жетілуіне қолайлы микроорта жасап, қорекгік
заттармен қамтамасыз етеді жəне əр түрлі ұлы заттар мен антигендерден 
қорғайды. Сонымен қатар, жетілмей бүзылу сатысындағы жыныс
жасушаларын лизосомаларының қатысуымен фагацитоз арқылы жояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет