қосымшалық жиегі (margo epididymidis) жəне бос жиегі (margo liber) мен
латеральды жəне медиальды беттері болады. Енді сыртынан өзіндік
қынаптық қабық (сірлі қабық ішперденің висцеральды жапырақшасының
жалғасы)— tunica vaginalis propria — пен оның астындағы ақ қабық (тығыз
дəнекер ұлпасы) — tunica albuginea testis — қаптап жатады. Ақ қабық еннің
басынан қүйрығы жағына қарай уңгілей еніп, ен ортасын (mediastinum testis)
құрайды. Ақ қабықты ен ортасымен байланыстырып отыратын тығыз
дəнекер ұлпалық ен перделіктері (septula testis) ен паренхимасын (parenchima testis) бөліктерге бөледі. Дəнекер ұлпалық ақ қабық, ен ортасы
жəне перделіктер еннің стромасын, ал оның паренхимасын ен бөлікшелері
құрайды. Ен бөлікшелерін қабырғаларында сперматозоидтардың түзілу
процесі сперматогенез жүретін 2-4 ирек тұқымдық өзекшелер (tubuli
semimfen contorti) құрайды. Бұл өзекшелердің аралығында борпылдақ
дəнекер
ұлпасы
мен
аталық
жыныс
гормонын
бөлетін
аралық
(интерстициальды) жасушалар орналасады. Ен бөлікшелеріндегі ирек
тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай бағытталып, түзу тұқымдық
өзекшелерге (tubuli seminiferi recti) айналады. Олар өз кезегінде ен
ортасында бір-бірімен қосылып ажырып, ен торын (rete testis) жасайды.
Ерекшеліктері. Айғырдың ені ірі, екі бүйірінен қысыңқы келеді. Оның
бас жағындағы ұшы краниальды, ал ен қосымшалық жиегі дорсальды
бағытта
орналасқан.
Ен
қосымшасы
мен
еннің
аралығында
ен
342
қосымшасының саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен
перделіктер жай көзге жақсы байқалмайды.