К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет395/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жануарлар онтогенезінде көбею мүшелерінің жыныс бездері
организмнің іштегі даму кезеңінде (эмбриондық кезенде) аралық бүйректің 
медиальды бетіндегі мезотелийдің жыныс катпары ретіңде қалыптасады.
Іштегі ұрық организмдерінің күрделеніп дамуына байланысты, жыныс 
қатпарларының пішіні өзгеріп сопақтанып, бастама жыныс бездеріне,
жануарлардың жынысына қарай: жұмыртқалыкқа, не енге айналады. Жыныс 
бездері мезотелийінің жыныс қатпары туынды жасушалары жыныс
жасушаларын қоректік затпен қамтамасыз ететін тіректік жасушаларға 
айналады. Ал жыныс бездерінде дамып жетілетін жыныс жасушаларының
бастама жасушалары гаметобласттар (гонобласттар) ұрық эмбриогенезінің 
алғашқы сатыларында сарыуыз қапшығының қабырғасында, қан тамырлары
маңында энтодермадан калыптасып, митоз арқылы көбейіп, дамып жетіледі 
де, канға өтіп, канның ағысымен ұрық организміндегі бастама жыныс безі

гонадқа барып қоныстанады. Жыныс бездерінде гонобласттар, оларды


339
қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік жасушалармен қоршалып, 


дамып жетіліп, жануарлардың болашақ жынысына байланысты аталық


(сперматозоидтар) немесе аналық (овоциттер) жыныс жасушаларына 
айналады.
Бұдан кейінгі даму сатысында, көбею мүшелерінін жетілуі зəр бөлу 
мүшелері дамуымен тығыз байланыста жүреді. Аралық бүйрек маңында,
бастама жыныс бездерінен кейінірек жануарлардың болашақ жынысына 
байланысты жұмыртқалық немесе ен дамиды. Аралық бүйрек өзегі маңында,
жыныс қатпарымен бір мезгілде, бастапқы бүйрек өзегі қалдығынан арнайы 
өзек қалыптасады. Ол алғашқы кезде аралық бүйрек өзегімен жапсарлас,
кейінірек одан ажырап, бастапқы бүйрек (Мюллер) өзегі — деп аталады. 


Аталық көбею мүшелерінің дамуы кезінде жыныс қатпары
бастамасының мезотелий жасушалары белсенді түрде көбейіп, пішіні 
сопақша келген жыныс безі бастамасынын ішіне қарай енеді де, ирек
тұқымдық өзекшелерге айналады. Осы кезде аралық бүйрек жартылай 
ыдырайды да, оның қалған бөлігі жыныс безі бастамасымен өрекеттесіп,
көбею мүшелерінің қалыптасуына қатысады. Аралық бүйректің несеп 
шығару түтікшелерінін алдыңғы бөлігі жыныс безінің ішіне қарай өсіп,
ендегі ирек тұқымдық өзекшелермен жалғасады да, түзу тұқымдық 
өзекшелерді, ен торын жəне ен қосымшасының басын құрайтын тұқым
өкеткіш өзекшелерді түзеді. Ал оның артқы бөлігі ыдырап, одан қалған 
қалдық ен қосымшасының маңында, "ен маңы" (парадидимис) деген атпен
организмде өмір бойы сақталады. Аралық бүйректің негізгі (Вольф) өзегі 
ен қосымшасының өзегіне жəне шəует жолына айналады. Еркек жануарларда
мюллер өзегінің тек ыдыраған алдыңғы бөліктері ғана ен маңында сақталып, 


гидатида — деп аталады. Ыдыраған оң жəне сол мюллер өзектерінің
сақталған соңғы бөліктері бір-бірімен қосылып, еркек жатыры жəне қынабы 
деген атпен қалдық ретінде шөует жолдары аралығындағы несеп-жыныс
қатпарында орналасады.
Жетілген жыныс безі ен құрсақ қуысының қабырғасымен бағыттағыш
байлам арқылы байланысады. Бұл байламның аралық бүйрек (Вольф) өзегіне 
дейінгі бөлігі, еннің арнайы байламы (ligamentum testis propriura), ал оның
қалған соңғы бөлігі шап байламы (ligamentum testis inguinale) — деп 
аталады. Сүтқоректі жануарларда дамып жетілген ен қалыпты жағдайда өзін
қаптаған сірлі қабықпен бірге, құрсақ қуысы қабырғасынан пайда болған 
қалта тəрізді мүше — ұмаға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет