К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


денесінен (corpus uteri) жəне тақ жатыр мойнынан



бет415/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

денесінен (corpus uteri) жəне тақ жатыр мойнынан (cervix uteri) тұрады.
Жатыр мүйіздерінің үшкірленіп келген краниальды ұшындағы жатыр тесігіне 
жатыр түтігі ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп,

жатыр қуысын (cavum uteri) түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр 

мойнының озегі (canalis cervicis uteri) арқылы қынапқа ашылады.

Жатыр қабырғасының құрылысы. Түтікше мүше ретінде жатырдың
қабырғасы ішкі кілегейлі (endometrium), ортаңғы етті (myometrium) жəне 
сыртқы сірлі (perimetrium) қабықтардан кұралған. Кілегейлі қабықтың ішкі
беті бірқабатты призма терізді эпителиймен астарланған. Эпителий 
жасушаларының іщінде кірлікшелі жəне кілегейлі-сірлі секрет бөлетін
эпителиоциттер кездеседі. Эпителий қабатының астында борпылдақ дəнекер 
жөне торлы ұлпалардан тұратын өзіндік тақташа мен кілегейліасты негіз
орналасады. Эндометрийде кілегей бөлетін түтікше жатыр бездері (glandula 
uterinae) болады. Бұндай бездер негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде
көптеп кездеседі. Жатыр мойнының қатпарлы кілегейлі қабығында бездер 
болмайды.


355
Күйіс қайтаратын жануарлар жатырының кілегейлі қабығында негізінен 


өзіндік тақташадан түзілген, торт қатарда орналасқан сүйелшелер


(карункулалар)— caruncula uteri — болады. Жатырдың кілегейлі қабығының 
кірмелері мен іштөлінің ұрық қабықтарының алланто-хорион бүрлері
байланысып, ұрықтың дамып өсуін қамтамасыз ететін ұрықжолдасты 
(плацентаны) түзеді. Ұрықжолдас туралы мəліметтер эмбриология тарауында
толық баяндалған. 
Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабаттан: ішкі сақинаша, ортаңғы
тамырлы жəне сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Ішкі сақинаша жəне 
сыртқы ұзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері
түзеді. Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда 
едəуір жақсы жетілген. Миометрийдің органы борпылдақ дəнекер ұлпалық
тамырлы қабатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі қан тамырлары 
болады. Етті қабық жатырдың мойын аумағында мойын озегінің қысқыш
бұлшық етін құрайды. 
Сірлі қабық— периметрии жатырды сыртынан қаптай келіп, оның екі
бүйіріңде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum 
uteri) немесе жатыр шажырқайын (mesometrium) түзеді. Ол краниальды
бағытта жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажыркайына ауысады. Осы 
байламның екі бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы
(ligamentum teres uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағьптағыш байламы 
сияқты шап өзегі тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар
жатырды құрсақ жəне жамбас қуыстарының қабырғаларына бекітеді. Олар 
арқылы жатырға қан тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жатыр байламдарының
өздеріне тəн кұрылыс ерекшелігі кұрамында бірыңғай салалы ет 
талшықтарының болуы.
Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында 
орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет