358
XI тарау. ЭНДОКРИНДІ БЕЗДЕР ЖҮЙЕСІ
Ішкі секреция бездері немесе
эндокринді (грек, endon — іш, ішке;
krinos — шығару)
бездер (эндокринные железы) биологиялық белсенді заттар
— гормондарды (грек, hormao — қоздырамын) организмнің ішкі сұйық
ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы
организмдегі зат алмасу процесін, организм ұлпалары мен мүшелерінің
дамуы мен сомалық өсу жəне көбею қызметтерін реттеуге қатысатын
қомақты паренхималы мүшелер мен жекеленген жасушалар жүйесі.
Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықтан, олар
гормондарын (инкреттерін) организмнің сұйықішкі ортасына бөледі. Осыған
байланысты, ішкі секреция бездері микроайналым арнасы қан тамырларымен
жоғары
деңгейде
жабдықталған.
Гормондар
қан
жəне
лимфа
тамырларындағы сұйық ұлпалардың ағысымен организмнің барлық мүшелері
мен ұлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат
алмасу процестерін реттеуге қатысады. Организм мүшелері мен мүшелер
жүйелері қызметтерінің сұйық ұлпалар арқылы реттелуін
сұйықтық
(гуморальды — грек, humor — сұйық)
реттелуі — дейді. Эндокринді бездер
организмнің əр түрлі жерлерінде орналасады. Бірақ, олар бір-бірімен тығыз
байланыста үйлесімді қызмет атқарады. Сондықтан, ішкі секреция бездерін
біртұтас
эндокринді бездер жүйесіне жатқызады. Гуморальды реттелудің
нəтижесінде организмдегі əр түрлі мүшелер жүйелерінің қызметтері бір-
бірімен үйлестіріліп, біртұтастық сипат алады. Осыған байланысты ішкі
секреция бездерін, тамырлар жəне жүйке жүйелерімен бірге
біріктіргіш
немесе
интеграциялық мүшелер жүйелері тобына жатқызады.
Жануарлар организміндегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелері
қызметтерінің өзара үйлесімді реттелуі гуморальды реттелу мен оны өз
кезегінде басқарып, бақылап отыратын жүйкелік (нервтік) реттелудің тығыз
қызметтік байланысы нəтижесінде іс жүзіне асады. Сондықтан, мүшелер
жүйелері қызметтерінің жүйкелік жəне гуморальды реттелулерінің тығыз
байланыста іс жүзіне асуын
нейрогуморальды ретгелу, ал тығыз қызметтік
байланыстағы осы екеуінің біртұтас жүйесін
нейроэндокринді жүйе — деп
атайды.
Эндокринді бездер жүйесі гормондары арқылы организмнің ішкі
ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) жəне оның сыртқы ортамен
байланысын қамтамасыз етеді.
Эндокринді бездер паренхималы мүшелер ретінде дəнекер ұлпалық
стромадан жəне безді паренхимадан тұрады. Строма арқылы без
паренхимасына керекті қоректік заттарды өкеліп, гормондарын алып кететін
микроайналым арна тамырларының жиі торы өтеді. Тамырлармен ағып
өтетін қанның массасы без паренхимасы массасынан бірнеше есе артық
болады. Демек, бұндай арақатынас эндокринді бездер қызметінің
белсенділігін көрсетеді. Эндокринді бездердің паренхимасы эпителий немесе
жүйке ұлпасынан құралған. Безді эпителиоциттер гормондарын қан
359
капиллярларына шығаруға ыңгайлы түрлі құрылымдар (көпіршіктер,
бағандар, баулар) түзеді. Бұлардың қызметтерін сыртқы не ішкі
тітіркеністерге сəйкес гипоталамус нейроциттері бөлетін нейрогормондар
гуморальды түрде реттейді. Нейрогормондар нейроциттер аксондарының
соңғы ұштарындағы терминалдары мен қан капиллярлары қабырғалары
аралықтарындағы аксовазальды синапс арқылы қанға өтіп, қан арқылы
эндокринді бездер эпителиоциттеріне барады да, олардың қызметтерін
реттейді. Нейрогормондар бөлетін нейро-секреторлы нейроциттер жүйке
жүйесі мен эндокринді бездерді байланыстырып, аралық қызмет атқарады.
Химиялық құрамына байланысты гормондардың көпшілігі белоктарға,
атап айтқанда пептидтерге, олигопептидтерге, гликопептидтерге жəне амин
қышқылдары туындыларына, қалғандары стероидтарға (жыныс гормондары,
бүйрекүсті без қыртысы гормондары холестерин туындылары) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: