К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Вазопрессин (антидиуретикалық) гормоны



бет421/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   607
Вазопрессин (антидиуретикалық) гормоны супраоптикалық ядро
нейроциттерінде түзіледі. Ол қан тамырларының арнасын тарылтып, қанның 
қысымын арттырады. бүйрек нефрондары қабырғалары арқыны алташқы
несеп құрамындағы судың кері сорылуына ыкдалын тигізіп, зəрдің бөліну 
мөлшерін азайтады, организмдегі судың алмасуын реттейді.

Окситоцин жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиырылуына
жəне желіннен сүттің бөлінуіне əсер етеді. Бұл гормон төлдің тууы кезінде 
жатыр қабырғасының ыргақты да қатты жиырылуын қамтамасыз етеді.
Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасим-
патикалық жүйке жүйесінің қызметіне сəйкес келеді, яғни бұлар мүшелердің
бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтарына əсер етеді. Сондықтан, 
гипоталамустың
алдыңгы

ядролары


нейроциттерін 


холинергиялық 

нейроциттерге жатқызады. Вазопрессин мен окситоцин гормондары
нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды 
дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофизіне өтіп,
қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ соңғы денешіктер 
(Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге
керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді. 
Гипоталамустың ортаңғы жəне артқы бөлімдеріндегі ішкі-негіздік
(медиобазальдық) 
жəне
төмпектік 

(туберальды)


ядролары, 
қызметі
симпатикалық жүйке жүйесіне сəйкес келетін ұсак мультиполярлы 
нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды адренергиялық 

нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі
аденогипофиздің гормондар түзу пронес in реттеп отыратын, қарапайым 
молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Бұлар
өз кезегінде аленогипофиздін гормондар бөлу қызметін күшейтетін 
либериндерге жəне керісінше, аталған қызметті баяулататын статиндерге
бөлінеді, Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары 
бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин,
ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады. 

361



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет