185 – сурет. Тұлға артерияларының таралуы 1 – тұлғаның негізгі магистральды артериясы (қолқа), 2 – мойынның, бастың,
алдынғы аяқтың магистральды артериясы (бұғанаасты артериясы), 3 – артқы аяқтың еркі
қозғалатын бөлімінің магистральды артериясы (сыртқы мықын артериясы), 4 – бұлшық
еттерге арналған сегменттік артериялар (қабырғалараралық жəне бел артериялары), 5 –
ішкі мүшелерге арналған артериялар, 6 – магистральды артериялардың бүйірлік
тармақтары.
ЖҮРЕК
Жүрек (сердце) грек, kardia, лат. cor — жануарлар организміндегі ішкі
орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше. Ол көкірек
қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің
пішіні конус тəрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) — basis cordis —
бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иық буынының деңгейінде, ал
төменгі жүрек ұшы (apex cordis) сол жақтағы 5-6 -ншы қабырғааралық
кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі
үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек төрт
бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард,
ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы
бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң жəне сол қарама-
қарсы жақтарындағы ұзынша сайлар (sulcus longitudinale dexter et sinister)
мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң жəне сол
бөліктерге бөледі. Бүл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis) жəне
төменгі
қарыншалардан (ven-triculus cordis) тұрады. Жүрекшелер
қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тəрізді оң жəне сол жүрекше
құлақшалары (auricula atrii dextra et sinistra) шығып тұрады. Əр бөліктегі
жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң жəне сол жүрекше -