К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет441/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

карыншааралық (атриоентрикулалы) тесіктер (ostium atrio-ventricularis)
арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше куысынан 
қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен
(клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-карыншааралық тесікте оң атрио-


вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша (valvula atrioventricularis
dextra s. vaLva tricuspidalis), ал, сол жүрекше-қарыншааралық тесікте сол 


атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша
(valvula atrioventricularis sinistra s. valva bicuspidalis s. mitralis) орналасады. 
Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілер (chordae tendineae)


380
арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге (mm. papillaris) бекиді. 


Қақпақшалар жүрекшелер куыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай


ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды 
қарыншалар
куыстарынан 
жүрекшелер
куыстарына 
өткізбейді.
Оң

жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы жəне артқы қуыс веналар


(vena cava cranialis et caudalis) алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы 
жиырылғыш вена қанының қысымымен оң атриоентрикулалы (үшжақтаулы)
қақпақша төмен оң қарынша куысына қарай ашылып, вена қаны қарынша 
куысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады
да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше - 
қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша
қуысынан өкпе артериясы бағалына (truncus pulmonalis) ағып өтеді де, 
өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына
айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш 


айшықты қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена
қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағана 
арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия
арнасынан оң қарынша куысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден 
артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonales) арқылы жүректің сол
жүрекшесіне құйылады. Одан артерия канды сол атрио-вентрикулалы 
(крсжақгаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан əрі қолқа (аорта) - aorta
тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де, артерия қанын тек бір 
бағытта, яғни сол қарынша куысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш
айшықгы қақпақшамен жабдықталған. Оң жəне сол атриоентрикулалы жəне 
өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты
(фиброзды) сақиналар құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет