386
Оң бұғанаасты артериясы сол бұғанаасты артериясына сəйкес
мойынның, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігінің оң жақтары
мен алдыңғы оң аяқты артерия қанымен қамтамасыз етеді.
БҰҒАНААСТЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Жұп бұғанаасты артериядан (подключичная артерия) — a. subclavia —
жануарлар денесінің мойын, алдыңғы аяқтар жəне көкірек керегесі
қабырғасының алдыңғы бөлігі аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз
ететін магистральды артериялар ажырайды. Сол бұғанаасты артериясы ит
пен шошқада қолқа доғасынан жеке, ал қалған жануарларда иық-бас
бағанынан ажырайды. Ал оң бұғанаасты артериясы иық-бас артериясынан
ұйқы артериясының
бағаны (дененің бас аумағына қарай) ажырағаннан
кейін, оның жалғасы болып табылады. Бүғанаасты артериясы көкірек
куысынан, оның алдыңғы тесігі (apertura thoracis cranialis) арқылы шыққан
бойда, олардың əр қайсысы өз жақтарына қарай бұрылады да, бірінші
қабырғаны алдыңғы жағынан айналып өтіп, артқы жакқа жəне төмен қарай
алдыңғы аяқтарға бағытталады. Олардың əр қайсысы дененің өз
жақтарындағы мойын, көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі жəне алдыңғы
аяқтар аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда сол бүғанаасты артериясынан көкірек
керегесі қабырғасы мен мойын аумақтарына қарай бірінші болып дорсальды
жауырын артериясы, содан соң терең мойын артериясы, омыртқалық жəне
беткей мойын артериялары таралады. Төс аумағына арналған ішкі көкірек
жəне сыртқы көкірек артериялары бөлінгеннен кейін, бүғанаасты артериясы
сол алдыңғы аяқты қанмен қамтамасыз ететін
қолтық артериясына (a.
axillaris) айналады. Иық-бас артериясынан көкірек пен мойынның оң жақ
бөлігіне дорсальды жауырын, терең мойын, омыртқалық артериялар
бөлінгеннен соң, басты қанмен қамтамасыз ететін ұйқы артериясының жалпы
бағаны ажырайды. Одан кейін иық-бас артериясы оңға қарай бұрылып, оң
бүғанаасты артериясы деп аталады. Оң бүғанаасты артериясы өз кезегінде
ішкі көкірек артериясына, сыртқы көкірек жəне беткей мойын артерияларына
бөлінеді. Аталған қан тамырлары ажырағаннан соң, оң бүғанаасты
артериясының жалғасы оң қолтық артериясы — деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: