К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері



бет444/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері жүректің сол
қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы 
организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына
таралып, одан əрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне 
дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен кан айналым шеңбері организмнің
барлық мүшелер жүйелеріндегі зат жəне газ алмасу процестерін қамтамасыз 
етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының
қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында жүреді. 
Жануарлар іштөлінің дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірін-
бірі ауыстырып жетілетін қан айналым шеңберлері болады. Олар: 


1. Сарыуыздық қан айналым шеңбері ұрықтық дамудың алғашқы
кезеңінде пайда болып, плацентарлық қан айналым шеңберіне ауысады. 
Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жүп жүрек түтікшелерінің
алдыңғы ұшында жетіледі. Ол дорсальдық қолқадан басталады. Одан 
сарыуыз шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшығында капиллярлар
торына тармақталады. Бұл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз 
шажырқайлық вена жүрек түтікшелерінің артқы ұшына ашылады.

2. Ұрықжолдастық (плаценталық) қан айналым шеңбері іштөлі
жолдасы пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезеңде жүрек 
түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Осы кезден тұтас
төл организмінде артерия жəне вена қан тамырлары да қалыптаса бастайды. 
Қан іштөлі организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа
жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі мен қоректік заттарға қанығып, 
артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне, оның
бауырындағы капиллярлар торына қарай бағытталады. Бауырдан ағып 
шыққан іштөлі артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды қуыс вена
арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, 
жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Бұл аралас қан оң жүрекшеден
жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол 
жүрекшеге, одан əрі жүрекше-қарыншалық тесікпен сол қарыншаға, содан
соң қолқа арқылы іштөлінің денесіне тарайды. Ал іштөлі организмі бас 
бөлімінен жиналған вена қаны краниальды қуыс венамен оң жүрекшеге
құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге 
бағытталады. Іштөлі организміндегі өкпенің қызметке қосылмауына


383
байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас канға барып 


құйылады. Іштөлі туып, оның бірінші рет тыныс алуына байланысты, жаңа


туған төлде плацентарлық қан айналым бұзылады. Төлдің бірінші тыныс 
алуы газ алмасу мүшесі өкпенің қызметін қалыптастырады. Өкпе артериясы
арқылы вена қаны оң қарыншадан өкпеге қарай үлкен қысыммен ағып келіп, 
оттегімен каныққан соң, өкпе веналарымен жүректің сол жүрекшесіне келіп
құйылады. Үлкен қан қысымының əсерінен сопақша тесіктегі қақпақша 
аталған тесікті жабады. Соңынан ол жүрекшеаралық ет пердемен тұтаса
байланысып, бітіп кетеді. Сөйтіп, жаңа туған төл денесінде кіші жəне үлкен 
қан айналым шеңберлері қалыптасады да, жүректің оң бөлігімен вена қаны,
сол бөлігімен артерия каны ағып жатады. Іштөлі организміндегі кіндіктік 
вена мен артериялар жəне артериялық өзек төл организмінде байламдарға
айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет