404
а) аш ішек артериялары 8-12 артерия тармақтарынан тұрады. Бұлар аш
ішек ілмектерін тамырландырады;
ə) мықын-тоқ ішек артериясы мықын жəне тоқ ішектерді
тамырландырады. Бұл артерияның тоқ ішек тармағы тоқ ішектің орталыққа
тепкіш оралымдарын қоректендіреді;
б) орталық жəне
оң тоқ ішек артерияларьшың жалпы бағаны тоқ
ішектің орталықтан тепкіш оралымдарын қоректендіреді.
194 - сурет. Ішек артериялары А — ит, Б — шошқа, В - қой, Г - сиыр, Д -
жылқы
1. каудальды тік ішек а., 2 - каудальды шажыркай а., 3 - сол тоқ ішек а., 4
краниальды шажыркай а., 5 - бүйен тармағы, 6 - тоқ ішек тармағы, ' / мықын ішектің
шажырқай тармақтары, 8 - оң тоқ ішек а., 9 - орталықтоқ ішек а., 10 - аш ішек артериясы,
11 — ұйқы безі-он екі елі ішек а.,
12 — бауыр а.
Итте ұзындау келген краниальды шажырқай артериясынан аш ниек
ілмектерін қоректеңдіруге 15-19 аш ішек артериялары бөлінеді. Жуан ішекті
тамырландыруға
мықын-тоқ ішек, оң жəне
орталық тоқ ішек
артериялары бір артерия бағаны болып ажырайды.
3. Бүйрек артериясы (почечная артерия) — a. renalis — құрсақ
қолқасынан краниальды шажырқай артериясымен қатар бөлініп, бүйректі
артерия канымен қамтамасыз ететін жұп қан тамыры. Бүйрек артериясынан
несепағар тармағы (r. uretericus)
бүйрекүсті безінің каудальды тармағы
(r. suprarenal caudalis) бөлшегі.
Достарыңызбен бөлісу: