К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Сиырда өт қабының артериясы қарын-он екі елі ішек артериясынан



бет471/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қойда
Сиырда өт қабының артериясы қарын-он екі елі ішек артериясынан (a.
gastro-duodenalis) бөлінеді. Ал бауыр артериясынын сол артерия тармағы 
ұлтабардың кіші иіні бойымен өтіп, оң қарын артериясын жəне қарын-он екі
елі ішек артериясын бөледі. Қарын-он екі елі ішек артериясынан өз кезегінде 


краниальды ұйқы безі-он екі елі ішек артериясы (а. pancreatico-duodenalis)
жəне оң карын-шарбы артериясы (a, gastro-epiploica dexstra) бөлінеді. 


5)көкбауыр артериясы мес қарынның алдыңғы жəне жоғарғы жағымен
өтіп, бірнеше артерия тармақтарына бөлініп, көкбауыр қакпасы арқылы 
көкбауырға енеді. Көкбауыр артериясынан үйқы безінің артерия 

тармақтары жəне сол мес қарын сайымен өтетін сол мес қарын артериясы
(a. ruminalis sinistra) ажырайды. Кейбір жануарларда сол мес қарын 
артериясы сол қарын артериясынан бөлінеді. Сол мес қарын артериясынан
жұмыршаққа жұмыршақ артериясы (a. reticularis) ажырайды. Өз кезегінде 
жұмыршақ артериясы көкет пен өңешке қоректендіргіш артерия тармақтарын
бөледі. Қойда жұмыршақ артериясы сол қарын артериясынан ажырайды. 
Көкбауыр артериясынан жоғарыда аталған артериялардан басқа, шарбы
артерия тармақтары жəне оң мес қарын артериясы (а. ruminalis dextra)
бөлінеді. Оң мес қарын артериясы мес қарынның оң ұзынша сайымен өтіп, 
сол мес қарын артериясымен жалғасады.


403



2. Краниальды шажырқай артериясы (краниальная брыжеечная 
артерия) — a. mesenterica cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2-інші бел
омыртқалардың тұсынан, іш артериясынан кейін бөлінетін тақ артерия. 
Краниальды шажырқай артериясынан ащы ішектің аш ішек бөлігіне бірнеше

аш ішек артерияларын (аа. jejunales) бөледі. Бұл артериялар өзара жəне
олардың алдыңғы ұштары ұйқы безі он екі елі ілек артериясымен, соңғы 
ұштары каудальды шажырқай артериясымен жалғасып, ішектер арасындағы
коллатеральды тармақтар түзеді. Краниальды шажырқай артериясы жуан 
ішекке мықын-тоқ ішек артериясын (a. ileo-colica) бөледі. Мықын-тоқ ішек
артериясы өз кезегінде үш артерия тармағына ажырайды. Олар: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет