К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет474/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4. Бүйрекүсті безі артериялары (надпочечные артерии) – aa.
suprarenales - көбіне бүйрек артериясынан ажырайды. Бүйрекүсті безін 
тамырландырады.

5. Ішкі тұқымдық артерия (внутренняя семенная артерия) жыныс
бездерін қоректендіретін жұп қан тамыры. Еркек жануарларда бұл артерия ен 
артериясы (a. testicularis), ал ұрғашы жануарларда жұмыртқалық артериясы
(a. ovarica) — деп аталады. Ен артериясы шап өзегі арқылы өтіп, енді, ен 
қосымшасын жəне шəует жолын тамырландырады. Жұмыртқалық артериясы
жатыр түтігі мен жатыр мүйіздеріне арналған тармақтар бөледі. 


6. Каудальды шажырқай артериясы (каудальная брыжеечная артерия)
— a. mesenterica caudalis — құрсақ қолқасынау соңғы бел омыртқалардың 
тұсынан ажырайды. Каудальды шажырқай артериясынан екі артерия тармағы
бөлінеді. Олар: 


а) сол тоқ ішек артериясы (a. colica sinistra) тоқ ішектің төмендеген
бөлігін (жылқыда кіші тоқ ішекті) тамырландырады. 


ə) краниальды тік ішек артериясы (a. rectalis cranialis) тік ішекті
қоректендіреді. Бүл артерия каудальды тік ішек артериясымен жалғасады. 


Құрсақ қолқасының артериялары бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Құрсақ қолқасының орналасу орнын (топографиясын) анықтаңыз. 



405
2. Құрсақ қолқасының бел жəне құрсақ қабырғаларын тамырландыратын 


париетальды артерия тармақтарын атап, олардың əр қайсысына жеке-жеке тоқталыңыз,


3. Құрсақ қолқасының тақ висцеральды артерияларын еске түсіріңіз. Олар 
тамырландыратын мүшелерді атаңыз.
4. Құрсақ қолқасынан ажырайтын қандай жұп висцеральды артерияларды білесіз? 
Олар тамырландыратын мүшелерді атаңыз.
5. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша термиидерді сөздікке көшіріп алып, 
оларды жаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет