К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ə) сүйекаралық краниальды артерия



бет479/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ə) сүйекаралық краниальды артерия (a. interossea cranialis) білек
аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе жəне бақай буындарының 
жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Сүйекаралық краниальды артерия жылқыда жəне
күйіс кайтаратын жануарларда өте жақсы жетілген. Ол өз кезегінде
сүйекаралық терең иық артериясымен жалғасатын сүйекаралық қайтарма 
артериясын бөледі. Сүйекаралық краниальды артерия тізеге қарай төмендеп,


408
дорсальды тізе торын жасауға қатысады жəне пальмарлы тізе торына артерия 


тармағын бөледі. Күйіс қайтаратын жануарларда сүйекаралық краниальды


артерияның төмендеген соңғы тармағы IV терең пальмарлы жіліншік 
артериясымен қосылып, IV бақайдың латеральды артериясына айналады.
Шошқа мен итте сүйекаралық краниальды артерия нашар жетілген.

5. Орталық артерия (срединная артерия) — a. mediana — иық
артериясынын, жалғасы. Иық артериясы жалпы сүйекаралық артериясы 
ажырағаннан соң, орталық артерия — деп аталады-Орталық артерия кəрі
жіліктің медиальды бетімен төмен түсіп, тізенің тамырлы торы мен жіліншік 
артерияларың түзуге қатысады. Орталық артериядан алдыңгы аяқтың білек
аумағыңан бастап, одан төмен жаткан аумақтарды артерия қанымен 
қамтамасыз ететін бірқатар артериялар ажырайды. Олар:
1) терең білек артериясы (a. profunda antebrachii) тізе жəне бақай
буындарының бүккіш бұлшық еттерін тамырландырады. 


2) кəріжілік артериясы (a. radialis) тізе буынының жазғыш бұлшық
еттерін қоректендіреді. 


3) тізенің дорсальды тамырлы торы мен нальмарлық жіліншік 

артерияларын түзуте катысатын артерия тармақтары.

Ерекшеліктері. Жылқыда орталык артериядан терең білек артериясы
бөлінгеннен кейін, проксимальды кəрі жілік артериясы (а. radialis proximal 
is) ажырайды. Бұл артерия тізеге дейін томендеп, тізенің дорсальды жəне



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет