К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет477/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

1) көкірек-арқа артериясы (a. thoraco-dorsalis) арқаның тым жалпақ
бұлшық еті мен үлкен жұмыр бұлшық етін тамырландырады. Бүл артерия 
соңғы тармақтарымен 5 -інші қабырғааралық артериямен жалғасады;

2) каудальды айналмалы иық артериясы (a. circumflexa humeri
caudalis) иық буынынан артқа қарай, алдымен жауырынасты жəне үлкен 
жұмыр бұлшық еттерінің аралыктарымен өтіп, онан соң, үшбасты бұлшық
еттің ұзын жəне латеральды бастарының арасымен, латеральды басының ішкі 
бетімен иық буынының сырткы латеральды жағына шығады да, медиальды
айналмалы иық артериясымен жалғасады. Каудальды айналмалы иық 
артериясы жол бойы иық буынының аталған бұлшық еттеріне қоректендіргіш
артерия тармақгарын бөледі. 


Ерекшеліктері. Шошқада жауырынасты артериясының тармағы
каудальды айналмалы иық артериясынан жауырынның латеральды бетінде 
жауырынүсті артериясы жəне медиальды айналмалы иық артериясына (a.
circumflexa humeri medialis) ажырайды. 


Жылқыдан басқа жануарларда бұл артериядан айналмалы жауырын 

артериясы (a. circumflexa scapulae) мен коллатеральды кəріжілік 

артериясы (a. collateralis radialis) бөлінеді. Каудальды айналмалы иық
артериясының төмендеген тармағы (г. descendens) күйіс қайтаратын 


жануарларда, шошқада жəне итте тым жақсы жетілген. Ал жылқыда бұл
тармақ болмайды. 

407



4.Иық артериясы (плечевая артерия) — a. brachialis — иық аумағаның 
негізгі магистральды артерия қан тамыры. Иық артериясынан иық аумағын
артерия қанымен қамтамасыз ететін бес артерия ажырайды. Олар: 


1) терең иық артериясы (a. profunda brachii) иық артериясынан тоқпан
жіліктің орта шенінде каудальды бағытта ажырап, шынтақ буынының 
жазғыш бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет