Жылқы мен итте ішкі мықын артериясынын, висцералъды артериялары
ішкі жыныс артериясынан (a. pudenda interna) ажырайды. Демек, аталған
жануарларда ішкі жыныс артериясы жамбас куысында орналасқан ішкі
мүшелерді қоректендіретін барлық висцералъды артериялар ажырайтын
магистральды қан тамыры болып саналады. Жылқыда ішкі жыныс артериясы
ішкі мықын артериясынан бірінші болып бөлінеді. Басқа жануарларда
жамбас қуысының париетальды жəне висцеральды артерия тармақтары ішкі
мықын артериясынан кезегімен ажырап отырады.
1. Ішкі жыныс артериясы (внутренняя срамная артерия)-— а. pudenda
interna — жамбас куысын бойлай жыныс жүйкесімен бірге шонданай
доғасына қарай бағытталып, жамбас қуысынан шыкқан бойда екі артерия
тармағына ажырайды. Олар:
а) күнтимес (аралык) артериясы (a. perinealis) анусты (артқы тесік),
сыртқы жыныс мүшелерін жəне күнтимес аумағын тамырландырады.
Күнтимес артериясы өз кезегінде дорсальды жəне вентральды артерия
тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте вентральды тармақтан, ал күйіс
қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды тармақгтан каудальды тік
жыныстық мүше артериясына (a. dorsalis penis) айналады. Ұрғашы
жануарларда баданалық артерия клитор артериясы (a. clitoridis) деп аталады
да, сарпайды (клиторды) тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жоғарыда баяндалғандай, жылқы мен итте ішкі жыныс
артериясы
жамбас
қуысында
орналасқан
барлық
ішкі
мүшелерді
қоректендіретін артериялардың ортақ бағаны. Жылқыда жамбас қуысында
ішкі жыныс артериясынан кіндік жəне ортаңғы тік ішек артериясы бөлінеді.