К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет502/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Күйіс 

қайтаратын 

жануарлар 
мен 


шошқада
терең

вена
тамырларының магистралі жалпы пальмарлы бақай мен медиальды жіліншік 


веналарынан басталады.

Итте терең вена магистралі дорсальды жəне пальмарлы терең жіліншік
веналарынан бастау алады. 
Ал теріасты вена тамырларының магистралі терінің астында беткей
жатады. Теріасты вена тамырлары бақай мен жіліншіктің беткей орналасқан 
пальмарлы веналарынан басталып, білек аумағында білектің теріасты 

венасы (v. cephalica antebrachii), ал иық аумағында иықтың теріасты 

венасы (v. cephalica humeri) — деп аталады. Білектің теріасты венасы
білектің медиальды бетінде орналасады. Шынтақ буыны аумағында ол иық 
венасымен вена тармағы арқылы жалғасып, қосымша теріасты венасын (v.
cephalica accessoria) өзіне кабылдайды. Қосымша теріасты венасы білектің 

425
дорсальды бетінде жатып, жіліншік пен бақайдың дорсальды веналарындағы 


вена қанын жинайды.


Иықтың теріасты венасы иық-бас жəне беткей кеуде бұлшық етінің 
аралығындағы сайда жатады. Ол сыртқы күретамыр венасына (v. jugularis
externa)HeMece тікелей алдыңғы қуыс венаға (v. cava cranialis) құяды. 


Ерекшеліктері. Жылқыда беткей теріасты вена магистралі бақай мен
жіліншіктің пальмарлы медиальды веналарынан басталады. Қосымша 
теріасты венасы қанды тек тізе аумағының терісінен жинайды.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада теріасты вена магистралі
III жəне IV бақайдың сыртқы пальмарлы веналары мен жіліншіктің 
пальмарлы бетіндегі латеральды жəне медиальды веналарынан басталып,
білектің теріасты венасына құяды. 


Итте теріасты вена магистралі III жіліншіктің дорсальды венасынан
басталып, қосымша теріасты венасына, ал II жіліншіктің пальмарлы 
веналарынан басталатын вена тармағы білектің теріасты венасына құяды.
Одан əрі екі вена тармақтары да, иықтың теріасты венасын түзеді. 
Алдыңғы аяқтың терең жəне теріасты вена тамырлары магистраль-
дарының арасында көптеген жалғамалар болады. Олар, əсіресе, жіліншік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет