422
3) алдыңғы қуыс венасы тамырларының жүйесі;
4) артқы қуыс венасы тамырларының жуйесі.
ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ ВЕНАЛАРЫ
Журек веналары мен кіші қан айналым шенберінің веналары туралы
аталған қан тамырларына байланысты алдыңғы тарауларда баяндалды. Ая
алдыңғы жəне артқы қуыс веналарынын тамырлар жүйелері бірігіп,
жануарлар организмдерінің үлкен қан айналым шеңберінің вена тамырларын
құрайды. Жоғарыда баяндалғандай, үлкен қан айналым шеңберінің терең
магистральды вена тамырлары аттас артериялар жəне жүйкелермен бірге
тамыр-жүйке будаларын құрайды. Ал теріасты веналары негізінен жануарлар
денесінің мойын аумағында, кеуде жəне көкірек аумақтарының төменгі
бөліктерінде, алдыңгы жəне артқы аяқтарда жақсы жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: