К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет500/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

БАС АУМАҒЫНЫҢ ВЕНАЛАРЫ 

Жануарлардың бас аумағынан вена қаны алдыңғы куыс венаға сыртқыы 


жəне ішкі күретамыр веналары арқылы жиналады.

Сыртқы күретамыр (мойындырықтық) венасы (наружная яремная
вена) — v. jugularis externa — мойын аумағындағы тері астында, иық-бас 
жəне төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық сайда (sulcus
jugularis) орналасады. Сыртқы күретамыр венасы құлақтүбі сілекей безінің 
артқы жағында, тіл-бет жəне жоғарғы жақ веналарының қосылуынан
басталады. 


Тіл-бет венасы (язычнолицевая вена) — v. linquo-facialis — бет жəне тіл
веналарының бірігуі нəтижесінде түзіледі. 


1. Бет венасы (лицевая вена) — v. facialis — вена қанын бастың бет
бөлімінен жинайды. Бет венасына өз кезегінде: 


а) көз бұрышының венасы (v. angularis oculi) вена қанын маңдай,
төменгі жəне жоғарғы көз қабақтары, көз шарасы аумақтарынан жинайды; 


ə) бүйірлік мұрын венасы (v. lateralis nasi) вена қанын мұрынның
арқалығы мен бүйір қабырғаларынан жинайды; 


б) езу венасы (v. angularis oris) вена қанын жоғарғы жəне төменгі ерін,
ұрт, көзасты аумақтарынан жинайды. 


в) терең бет венасы (v. faciei profundae) вена қанын жоғарғы тістерден,
қатты жəне жұмсақ тандайдан, мұрын куысынан жинайды. Бастың бет 
бөлімінің орта тұсында, терең бет венасы бет венасына қосылады.

2.Тіл венасы (язычная вена) — v. linqualis — терең тіл жəне тіласты
веналарының бірігуінен түзеледі. Олар вена қанын тілден, ауыз қуысының 
түбінде орналасқан мүшелерден жəне жұтқыншақтан алып шығады.
Жоғарғы жақ венасы (верхнечелюстная вена) — v. maxillaris —
жоғарғы жақ жəне сыртқы ұйқы артерияларынан ажырайтын артерия қан 
тамырларының аттарына сəйкес келетін веналардан құралады. Жоғарғы жақ
венасы вена қанын көз вена торабынан (plexus venae ophtalmicus), қанатша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет