түсіріңіз.
428
ЛИМФА АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ - systema limphaticum
Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым
жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл
жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан,
оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында
организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны,
көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым
жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап
айтқанда:
1) ұлпааралық кеңістіктегі артық ұлпа (ткань) сұйығын өзіне сорып
алып, дренаждық қызмет атқарады;
2) ұлпалардағы қан капиллярларының қабырғасы арқылы өте алмайтын
ірі молекулалы белоктық зат жəне ішекте қорытылған майдың мономерлері
(май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады;
3)
сыртқы
ортадан
организмге
түскен
бөгде
заттар
мен
микроорганизмдерді жойып, лимфаны биологиялық жəне механикалық
тазалаудан өткізеді;
4) лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен антиденелер (иммунды-
глобулиндер) түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: