бағытталады. Сондықтан, бұндай лимфа түйінін аймақтық немесе
431
(vasa lymphatica afferentia), ал лимфаны лимфа түйінінен алып шығатын
лимфа тамырларын əкеткіш лимфа тамырлары (vasa lymphatica efferentia)
— деп атайды. Жануарлар денесіндегі əкеткіш лимфа тамырлары бір-бірімен
қосылып, ең соңында екі ірі лимфа өзегін құрайды. Оларға: оң лимфа бағаны
жəне көкірек өзегі жатады.
Оң лимфа бағаны (truncus lymphaticus dexter)
лимфаны дененің бас, мойын, көкірек керегесі
аумақтарының оң жағынан
жəне оң алдыңғы аяқтан, ал
көкірек өзегі (ductus thoracicus) организмнің
қалған бөлігінен жинайды. Лимфа өзектерінің сыртқы адвентиция қабығында
тамырларды бойлай ұзынынан орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы
миоциттерінің борпылдақ дəнекер ұлпасы
аралықтары арқылы бөлінген
шоғыр будалары болады. Оң лимфа бағаны мен көкірек өзегі алдыңғы қуыс
венаға ашылады.
Майда
лимфа
тамырларының
қабырғасын
қоректендіретін
қан
капиллярлары торынан құралған тамырлар тамыры (vasa vasorum), ал ірі
лимфа тамырлары мен лимфа өзектері қабырғасында артериялар мен веналар
болады.
Лимфа түйіні (лимфатический узел) — lymphonodus (In.) — жануарлар
денелерінің белгілі бір аймағында, əкелгіш
лимфа тамырларының бойында
орналасып, сол аймақтан немесе мүшелерден лимфаны алып шығатын
құрылысы паренхималы мүше. Лимфа түйінінің атқаратын қызметі:
1) ұлпа сұйығына түскен, организмге жат əр түрлі бөгде заттар,
істен
шыққан
жасушалар қалдықтары, микроорганизмдер мен олардың улары
(токсиндері), лимфа түйінінің негізін құрайтын ретикулалы ұлпа арқылы
механикалық жəне биологиялық сұзілуден өтеді;
2) лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуымен бөгде заттар, істен
шықкан жасушалар қалдықтары, микроорганизмдер мен олардың улары
жойылып залалсыздандырылып отырады;
3) қан жасау қызметін атқарады: қан жасушалары — лимфоциттер
тұзіледі;
4) қорғаныс қызметін атқарады: антиденелер түзіледі.
Лимфа түйіні пішіні негізінен лобия тəріздес (кейде басқаша), сұр
немесе сары-сүр түсті болып келеді. Жануарлардың түрлеріне
байланысты
лимфа түйінінің мөлшері 0,2 см -ден 20 см -ге дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: