К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан жəне ми көпірінен тұрады. Мишық



бет554/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан жəне ми көпірінен
тұрады.

Мишық (cerebellum) жануарлар денесінің кеңістіктегі тепетендігін
сақтау жəне дене мүшелерінің қозғалыстарн үйлестіру орталықтары 
орналаскан. пішіні шар тəрізді ми бөлігі. Ол сопақша мидың жоғарғы, үлкен
мидың артқы жағында орын тепкен. Мишықта ұзынынан өтетін екі сай үш 
белікке бөледі. Олар: ортаңғы бөлік — құртша (vermis) жəне ұзын сайлар
арқылы бөлінген оның екі бүйіріндегі оң жəне сол мишық жартышарлары 
(hemispherium cerebelli). Мишықтың сыртқы қабатын құрайтын сұр затты

мишық қыртысы (cortex cerebelli) — деп атайды. Ал мишықтың
орталығында орналасқан ақ заттың өткізгіш жолдары мишықтың қыртысты 
орталықтарын мидың басқа бөлімдермен жəне жұлын орталықтарымен
байланыстырады. Мишық пен сопақша ми аралығында төртінші ми 

471
қарыншасы орналасады. Оның түбін сопақша ми шұңқыры, қабырғасы мен 


тебесін мишық құрайды. Қарынша куысы алдыңғы жағынан ортаңғы ми


суқұбырымен, артқы жағынан жұлынның орталық өзегі қуысымен 
жалғасады. Бұлардың қуысында ми-жұлын сұйығы болады.
Мишықтың гистологиялық құрылысы. Мишықтың афферентті жəне
эфферентті 
өткізгіш
жоддары, 
оны
мидың

көрші
бөлімдерімен 


байланыстырып, үш жұп мишык аяқшаларын құрайды. Терең сайлар арқылы
қатпарланып жатқан мишықтың сұр заты оның сырткы бетінде орналасып, 
мишық қыртысын түзеді. Қыртыстың астында пішіні тармақталған ағаш
бұтақтарына ұқсас ақ заты жатады. 


Мишық қыртысы нейроциттер құрамы əр түрлі үш қабаттан құралған,
Олар: сыртқы молекулалы қабат, ортаңғы ганглионды қабат жəне ішкі 
дəншелі қабат.
Мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатын себетше жəне 
жұлдызша нейроциттер құрайды. Жұлдызша нейроциттердің өзі мөлшеріне
байланысты майда жəне ірі нейроциттер болып екі түрге бөлінеді. Майда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет