477
Ми жабыны (pallium) үлкен ми сыңарын жоғарғы жəне
сыртқы
жағынан қаптап жатады. Ол сыртқы сұр заттан, ішкі ақ заттан тұрады. Ми
жабынынның сыртқы сұрзаттық қабығын
үлкен ми қыртысы (cortex cerebri)
— деп атайды. Оның сыртқа бетінде сайлар
арқылы бір-бірінен бөлінген,
пішіні əр түрлі жануарларда түрліше келген қатпарлар болады. Ми
жабынының сыртқы бүйір бетінде тігінен өтетін
латеральды сай (sulcus
lateralis) немесе
сильвий сайы жақсы көрінеді.
Латеральды сайды сырткы
жағынан пішіні доға тəрізді үш катарда жаткан сайлар қоршап, үлкен ми
қыртысын:
шүйде бөлікке (lobus occipitalis pallii),
төбе бөлікке (lobus
parietalis pallii),
маңдай бөлікке (lobus frontalis pallii) жəне
самай бөлікке
(lobus temporalis pallii) бөледі.
Үлкен ми сыңары жабынының гистологиялық құрылысы. Ми жа-
быны сыртқы сұр заттан құралған үлкен ми сыңарының қыртысынан жəне
оның астындағы ми жабынының ақ затынан тұрады.
Үлкен ми сыңарының қыртысы пішіні мен мөлшері жəне қызметі əр
түрлі нейроциттер қабаттарынан құралған.
Адам миының кыртысында орта
есеппен 10-14 млрд.-тай нейроциттер болады. Ми қыртысының ең жақсы
жетілген қимыл аймағында бір-бірінен айқын ажыратылатын (қыртыстың
сыртқы бетінен ішкі ақ затқа қарай) алты:
молекулалы, сыртқы дəншелі,
пирамидалы, ішкі дəншелі, ганглионды жəне полиморфты нейтроцитер
қабаттары болады.
Достарыңызбен бөлісу: