Мидын гистологиялық құрылысындағы ерекшеліктері — оның ақ
заты мен сұр заты орналасуының күрделілігі: сұр заттаң көп бөлігі үлкен ми
мен мишықтың сыртқы бетінде орналасып, олардың қырғысты қабаттарын
түзеді. Ал оның аз бөлігі ми діңгегі бөлімдерінің көптеген сұр заттық
ядроларын құрайды. Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы
мидың базальды балігі бірігіп, жұлынның алдыңғы жағындағы жалғасы —
ми діңгегін құрайды.
Ми діңгегінің сұр заттық ядролары қызметіне қарай: рецепторлы,
ассоциативті жəне эффекторлы болып бөлінеді. Рецепторлы ядролар
жұлынның дорсальды мүйізінің нейроциттері ядроларына ұқсас, яғни бұл
ядролардың нейроциттерінде жұлынның ақ затының дорсальды сезімтал
арқаншаларының құрамында ми діңгегіне келген жұлын ганглийлері
рецепторлы нейроциттерінің аксондары жəне бас аумағындағы ми
жүйкелерінің бойыңда орналасқан сезімтал ганглийлердегі (айшықты,
тобықтық, тастық) рецепторлы нейроциттердің аксондары синапс арқылы
аяқталады.
Эффекторлы
ядроларының
нейроциттері
жұлынның
вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне ұқсас. Олардың
аксондары эффекторлы жүйке талшықтарын түзіп, қозғалтқыш жəне аралас
ми жүйкелерінің кұрамында кіреді. Рецепторлы жəне эффекторлы
нейроциттер аралығында нейроциттердің ассоциативті ядролары (көру
төмпегі, тісті ядро, олива т.б.) орналасады. Бұл байланыстырғыш ядролар
жұлыннан жəне ми діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми
қыртысына, ал ми қыртысынан кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке
импульстерін, керісінше, ми діңгегіне, одан əрі жұлынға өткізеді.
201 - сурет. Сиыр миы. A - сыртқы беті, Б - ұзынынан қақ жарылған
1 - ми жабыны (үлкен ми қыртысы), 2 - бүйірлік (сильвии) саиы 3 - иіс баданасы, 4
- латеральды иіс жолы, 5 - медиальды иіс жолы, 6 - алмұртша бөлік 7 - гипофиз, 8 -
көлденең саңлау, 9 - мишық, 10 – ми көпірі, 11 – сапақша ми, 12 - күсті дене, 13 —
қарыншалараралық мөлдір перде, 14 – тамырлы жабын, 15 - эпифиз, 16 - көру қиылысы,
17 - үшінші ми карыншасы (куысы), 18 - төмпегінің аралық массасы, 19 — қүйғыш
(воронка), 20 - емізікше ден, 21 — үлкен ми аяқшасы, 22 - сукұбыр (сильвий сукұбыры),
23 - төрттөмпешік , 24 - төртінші ми карыншасы. Ми жүикелері: I - иіс жүйкесі, II - көру
жүйкесі, III - көзқимыл жүйкесі, IV - шығырлық жүйке, V - үшкіл жүйке, VI - əкетші
469
жүйке, VII - бет жүйкесі, VIII - тепетеңдік - есту жүйкесі, IX - тілжұтқыншақ жүйкесі, X -
кезеген (кезбе) жүйке, XI - косымша жүйке, XII – тіласты жүйкесі.
Сопақша ми (medulla oblongata)— мидың жұлынмен шекарасыз
жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми
көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі (вентральды) бетінде
Достарыңызбен бөлісу: |