К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет575/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

омыртқалық жұйкені (n. vertebralis) құрайды. Ол артқы мойын ганглийінен
алдыңғы мойын ганглийіне бағытталып, əрбір мойын жұлын жəне ми 
жүйкелеріне симпатикалық миелинсіз жүйке талшықтарын бөледі.
Ганглийлер нейроциттерінің аксондары жүйке түйіндерінен түйінсоңы 
(постганглионды) миелинсіз жүйке талшықтары түрінде бөлініп, сұр
байланыстырғыш тармақтар ретінде жұлын жүйкелеріне кері қосылады да, 
жүйкелер құрамында тірек-қимыл аппараты мен тері жабыны мүшелеріне
барып, солардың қан жəне лимфа тамырларын жүйкелендіреді. Ал жұлын 
жүйкелерінің сомалық жүйке талшықтары бұлшық еттерді, сүйектерді,
буындарды, тері жабының жүйкелендіреді. 


Омыртқаалды ганглийлер құрсақ қолқасының ірі артериялары
маңында орналасады. Оларға жартыайшықты (екі іш жəне аддыңғы 
шажырқай ганглийлерінен тұрады) ганглийлер жəне артқы шажырқай 

ганглийлері жатады. Жартыайшықты ганглий іш жəне алдыңғы шажырқай
артерияларының құрсақ қолқасынан ажырайтын тұсында, ал артқы 
шажырқай ганглийі аттас артерия маңында орналасады. Жұлыннан
омырткаалды ганглийлерге бағытталған түйіналды миелинді жүйке 
талшықтары үлкен іш жүйкелерін (n. splanchnicus major) жəне кіші іш 

жүйкелерін (n. splanchnicus minor) түзеді. Жартыайшықты ганглий
нейроциттерінің аксондары сұр миелинсіз түйінсоңы жүйке талшықтары 
ретінде кезеген жұйке талшықтарымен бірге құрсақ қуысындағы барлық ішкі
мүшелерге күн сəулесі тəрізді таралып, осы мүшелердің қан жəне лимфа 
тамырларын жүйкелендіреді. Сондықтан, жартыайшықты ганглийді "кұңдік 

өрімнің" орталығы деп санайды. Артқы шажырқай ганглийінің сұр
миелинсіз түйінсоңы жүйке талшықтары жамбас куысындағы ішкі 
мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді.

487





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет