К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Симпатикалық жүйке жүйесі бойынша бақылау сұрақтары



бет576/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Симпатикалық жүйке жүйесі бойынша бақылау сұрақтары: 

1.Вегетативті жүйке жүйесі сомалық жүйке жүйесімен салыстырғанда қандай 


ерекшеліктермен сипатталады?
2.Вегетативті жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді? 
З.Симпатикалық жүйке жүйесінің өзіндік орталығы қай жерде орналасады?
4.Симпатикалық жүйке жүйесінің қандай ганглийлерін білесіз? 
5.Омыртқамаңы ганглийлерінің бөлімдеріне, ақ жəне сұр байланыстырғыш
тармақтарына сипаттама беріп, олардың жүйкелендіру аумақтарын атаңыз. 
б.Омыртқаалды ганглийлеріне, олардың жүйкелендіру аумақтарына сипаттама
беріңіз. 
7.Такырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз. 
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ 


Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары симпатикалық 
жүйке жүйесінің орталық тəрізді орталық жүйке жүйесі мүшелерінде
біртұтас орналасады. Жүйке жүйесінің бұл бөлімінде барлығы алты өзіндік 
орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида жəне жұлынның
кұйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде 
орналасады.

Ортаңғы ми орталығы көз-қимыл жүйкесінің парасимпатикалық 

ядросыңда (nuclei parasympathici n. oculomotorii), ортаңғы мидың алдыңғы
төмпешіктер аймағында жатады. Аталған орталықтың нейроциттері 
аксондарынан түзілетін түйіналды миелинді жүйке талшықтары көзқимыл
жүйкесі құрамында мидан шығып, осы жүйке бойында жатқан кірпікті 


ганглий (ganglion сіііаге) нейроциттерінде синапспен аяқталады. Аталған
ганглий нейроциттерінің түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары кірпік 


жүйкелері (nn. ciliares) - деп аталып, көз алмасындағы кірпікті дене жəне

қарашықтың қысқыш бұлшық еттерін жүйкелендіреді де, көз қарашығын
тарылтады. Ал алдыңғы мойын ганглийінен келетін симпатикалық түйінсоңы 
миелинсіз жүйке талшықтары көз қарашығын кеңейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет