К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет578/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жартыайшыкты ганглийге (ganglion semilunare) жетеді де, одан
симпатикалық жүйке талшықтарымен бірге құрсақ қуысындағы барлық ішкі 
мүшелерге жан-жаққа таралып, "күндік өрімді" құрайды. Кезеген жүйкенің
түйіналды миелинді жүйке талшыктары ішкі мүійелер қабырғаларындағы 
микроскоппен ғана көрінетін тым майда жүйке түйіншелері немесе
торалтары 
нейроциттерінде
синапспен 
аяқталады.
Олардың

қысқа
аксондарынан түзілген түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары өздері 


кабырғаларында орналасқан ішкі мүшелердің етті қабықтары мен қабаттарын
жəне бездерін жүйкелендіреді. 


Қүйымшақ 

орталықтары
(nuclei

parasympathici


sacrales) 
нейроциттерінің
түйіналды 
миелинді
жүйке

талшыктары


жүлын

жүйкелерінің


вентральды 
түбіршіктері
құрамында 
шығып,
жұлын

жүйкелерінен бөлінеді де, өзара бірігіп, жамбас жүйкелерін (nn. pelvini)


құрайды. Бұл жүйкелер жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелер 
қабырғаларына еніп, оларда орналасқан микроскопиялық жүйке тораптары
нейроциттерінде аяқталады. Нейроциттер аксондарынан түзілген қысқа 
түйінсоңы миелинсіз жүйке талшыктары өздері орналасқан ішкі мүшелердің
етті қабықтары мен бездерін жұйкелендіреді. 


Ішкі мүшелер қабырғаларында орналасқан (интрамуральды) жүйке 

тораптарының гистологиялық құрылысы. Интрамуральды жүйке
тораптары сыртынан 2-3 қабат коллаген талшыктары мен олардың 
аралықтарындағы жасушалардан құралған қапшықпен қапталған. Жүйке
торабында құрылысына байланысты нейроциттердің (Догель нейроциттері) 
үш түрі ажыратылады. Олар: 1-түрі — ұзын аксонды эфферентті
(қозғалтқыш) нейроциттер. Бұлардың тармақталған көптеген қысқа 
дендриттері жəне бір ұзын аксоны болады.

2-түрі — біркелкі өсінділі афферентті (сезімтал) нейроциттер.
Нейроциттер өсінділерінің барлығы құрылысы жағынан бірдей жəне 
тармақталмаған. Сондыктан, бұлардың өсінділерінің қайсысы дендрит,
қайсысы аксон екенін ажырату қиын. Нейроциттердің 2 - түрінің аксондары, 

489
нейроциттердің 1 - түрінің дендриттерінде синапс арқылы аяқталатыны 


тежірибе жүзінде анықталған. Осыған орай, оларды сезімтал нейроциттер


дейді.

3-түрі — байланыстырғыш (ассоциативті) нейроциттер. Синапстық
(синапсалды, синапссоңы төмпешіктеріндегі) көпіршіктердің мөлшеріне 
сəйкес, нейроциттердің 1 - түрінде: қоздырғыш холинергиялық (диаметрі 40-
60 нм) жəне тежегіш адренергиялық (диаметрі 30-50 нм) синапстардың 
болатындығы анықталды. Ішек қабырғаларындағы жүйке тораптарының
құрамында тежегіш пуринергиялық (циаметрі 100 нм) нейроциттер кездеседі. 
Олар өздерінен ішектер қабырғаларындағы перистальтикалық рефлекстің
тежелуін қамтамасыз ететін пурин қосындыларын бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет