1)жарық сындырғыш (диоптрий) мөлдір ортаға қасаң қабық,
алдыңғы жəне артқы камералар сұйығы, көз бұршағы, шыны терізді дене;
2)бейімделу (аккомодациялық) аппаратына: нұрлы қабық, кірпікті
дене;
3)рецепторлы аппаратқа торлы қабық жатады.
209 - сурет. Көздің құрылысы
1 - кірпік, 2 - қабақтың терісі, 3 - қабақтың безі, 4 - көз қабағының кілегейлі қабығы
(конъюнктива), 5 - қөз кабағы, қөздің кілегейлі кабығы, 7 - кірпікті дене, 8 - ақ қабық
(склера), 9 - өзіндік тамырлы кабық, 10 - маңдай сүйек, 11 - көзжасы безі, 12 - көздің тік
бұлшық еті, 13 - көздің жарғақты капшығы (периорбита), 14 - шыны тəрізді дене, 15 -
торлы кабық, 16 - көз бұршағы, 17 - көздің тартқыш бұлшық еті, 18 - кору жүйкесі, 19 -
бет сүйек, 20 - көз майы, 21 - торлы қабықтың кормейтін бөлігі, 22 - коздің дөңгелек
бұлшық еті, 23 - кездің касаң қабығы, 24 - көз бұшағының сақинаша байламы, 25 - көздің
алдыңғы камерасы, 26 — қарашық, 27 - нұрлы қабық, 28 – көздің артқы камерасы.
Көз алмасының қабырғасы: сыртқы талшықты қабықтан (tunica fibrosa
bulbi), ортаңғы тамырлы қабықтан (tunics vasculosa bulbi) жəне ішкі торлы
қабықтан (retina) тұрады. Талшықты қабық көздің алдыңғы жағындағы
491
мөлдір қасаң қабықтан (cornea) жəне ақ қабықтан (sclera) құралған.
Тамырлы қабық үш бөліктен түрады. Олар: өзіндік тамырлы қабық (tunica
fibrosa propria), кірпікті дене (corpus ciliare) жəне нұрлы қабық (iris).
Өзіндік тамырлы қабық көз алмасын қоректендіретін тамырларға бай.
Кірпікті дененің бұлшық еті (бірыңғай салалы ет ұлпасы) сақинаша
байламмен көз бұршағына жалғасып, көз бұршағының қалыңдығын өзгерту
арқылы оны көру процесіне бейімдейді. Көз бұршағының алдында
opналасқан, көздің куысын алдыңғы жəне артқы камераларға бөлетін нұрлы
Достарыңызбен бөлісу: |