К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет589/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

212 — сурет. Құлақтың құрылысы
1 — сыртқы есту жолы, 2 — дабыл жарғағы, 3 - жұтқыншақ-дабыл түтігі, 4 — дабыл 
куысы, 5 — балғаша, 6 — төс, 7 — үзеңгіші (сопақ тесікте), 8 - бұлшық еттер, 9 –
жартылай дөңгелекше өзектер, 10 — ампула, 11 — сүйектік шытырман, 12 — дөңгелек 
терезе, 13 — кіреберіс, 14 — сопақ капшық, 15 - дөнгелек қапшық, 16 — есту-тепетеңдік
жүйкесі, 17 — ішкі есту жолы, 18 — ұлу, 19 - иірілімді (спиральды) ганглий, 20 - 
жарғақты ұлу, 21 — кіреберістік баспалдақ, 22 — дабылдық баспалдақ, 23 — самай
сүйектің тастық бөлігі. 
Дабыл куысы (cavum tympani) диаметрі 1-2 мм дыбыс түтігі арқылы
жұтқыншақ аңқасына жалғасады. Жұтқыншақ-дабылтүтігі жұтыну кезінде 
ашылып-жабылып, дабыл жарғағының сыртындағы ауа қысымы мен дабыл
қуысы ішіндегі ауа қысымын теңестіру арқылы дабыл жарғағын 
зақымданудан сақтайды.
Ауадағы дыбыстық тербелістер сыртқы есту жолы арқылы серпімді 
дабыл жарғағына беріліп, дыбыстық тербелістерге айналады. Өз кезегінде
дыбыстық тербелістер дабыл жарғағынан есту сүйекшелердің қозғалмалы 
байланыстарымен сопақша терезедегі үзеңгіше табанының серпімді
тақташасына беріледі. Ішкі кұлақ кіреберісіндегі перилимфа (лимфа сұйығы) 
сопақ терезедегі жарғақтан қабылданған дыбыстық тербелістерді сұйық
толқынына айналдырып, ұлудың кіреберістік өзегіне өткізеді. Егер ауадан 
қабылданған тербелістер қалыпты шамадан тым күшті болса, онда дабыл
қуысындағы балғаша тұтқасы мен үзеңгіше бұлшық еттері рефлекторлы 
жиырылып, есту сүйекшелерінің тербелістерін төмендетіп, сопақ терезеге
келетін дыбыстық тербелістердің қысым күшін азайтады. 


Ішкі құлақ (auris interna) самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде
орналасады. Ол сыртқы сүйектік жəне оның ішіндегі жарғақтық 
шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа
сұйығын перилимфа — деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы 
сұйықты эндолимфа — дейді. Сүйектік жəне оның ішіндегі жарғақтық
шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс, үш жартыдөңгелекше 
өзек жəне ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-
бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақша жəне дөңгелек 

498
қапшықтар құрайды. Сопақша қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара 


перпендикулярлы


жазықтықтарда 
(сагиттальды,
сегментальды 
жəне
фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал 

дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен


жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады. 
Есту талдағышының рецепторлары жарғақтық шытырманның ұлу өзегін
бойлай орналасқан 
иірілімді
(Корти

мүшесі)
мүшеде

орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет