К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет592/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Тепетеңдік мүшесі жануарлар денесінің кеңістіктегі тепетеңдігі мен
жағдайды бағдарлауын камтамасыз етеді. Ол бір-бірінің пішінін қайталайтын 
сырткы сүйектік жəне ішкі жарғақтық шытырмаңдардан тұрады. Жаргақтық
шытырманды сопақша жəне дөңгелек жарғактық капшыктар мен үш жарты 
дөңгелекше өзектер құрайды. Жарғакты жартыдөңгелекше өзектер бір-біріне
перпендикулярлы: 
сагиттальды,
сегментальды 
жəне
фронтальды 

жазықтықтар бойымен орналасып, сопақша қапшықпен ампула тəрізді


кеңейген үштарымен жалғасады. 
Тепетеңдік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшыктардың ішкі
бетіндегі "дақ" (макула) — деп аталатын дөңесінде жəне жарғақты 
жарғыдөңгелекше ампуласының ішкі бетіңдегі "кырша" деп аталатын
дөңестеу жеріңде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру 
жағдайы тұралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі Жарғақтық
қапшыктар мен жартыдөңгелекше өзектер ампуласының ішкі бетіндегі 
дақтар мен қыршалар тітіркеністерді қабылдауға арнайы маманданған
эпителиймен астарланған. Эпителий қабатын екі түрлі; түкті сезгіш жəне 


тіректік эпителиоцитгер кұрайды. Биік тіректік эпителиоциттер негіздік
жарғақта орналасады. Олардың апикалъды ұштарында микробүрлер болады. 
Тіректік эпителиоциттердің аралықтарындағы түкті сезгіш эпителиоциттер
негіздік жарғақпен жанаспайды. 
Сезгіш эпителиоциттердің базальды бөлігі көптеген афферентті жəне
эфферентті жүйке ұштарымен жанасады. Жарғактық қапшықар дақтары 
эпителий қабаттарының апикальды беті үстінде, алтықырлы ұсақ фосфорлы
көмірқышқыл кальций кристалдары — отолиттері бар желатин тəрізді 
іркілдек масса қаптап жатады. Бұл массаны отолиттіқ жарғақ

деп 

атайды. Кеңістіктегі дене жағдайының өзгеруіне сəйкес отолиттік жарғақ та


қозғалып, дақтардағы сезгіш эпителиоциттерінің белгілі-бір топтарына əсер 

500
етеді. Нəтижесінде бұлшық еттердің де белллі-бір топтары қозып, олардың 


ширығуы реттеледі де, басқа эпителиоциттер реттейтін бұлшық еттер


ширығуы тежеледі. Жарғақгық қапшықтар қабырғасындағы рецепторлар 
дененің кеңістіктегі сызықтық қозғалыстарына жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет